Дәмханадағы жарылыс: Қайтыс болған азаматтың туысқандарына 1 миллион теңге беріледі
Дәмханадағы жарылыс: Қайтыс болған азаматтың туысқандарына 1 миллион теңге беріледі
Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы елордалық дәмханадағы жарылыстан қаза тапқан адамның туыстарына көмек көрсетілетіндігін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Марқұмның туыстарына 1 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, марқұмның денесін Қызылорда қаласына әуе тасымалы арқылы жеткізуге көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, әкімдік қажетті құжаттарды алуда да жәрдем береді, деп хабарлады әкімдіктегілер.
  Айта кетсек, 21 қарашада түстен кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы кафелердің бірінде газ баллоны жарылды. Жарылыстан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында көз жұмды. Тағы 23 адам әртүрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жеткізілді. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Елорда әкімі Төтенше жағдайлар министрлігі мен полицияға қаладағы басқа қоғамдық тамақтану орындарының өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын тексеруді тапсырды.