Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Оксфорд вакцинасы коронавирусқа қарсы жоғары тиімділігін көрсетті

Барыс Нұрлан
Қараша 23, 2020
Жаңалықтар, COVID-19, Жаһан
вакцина

© Сурет BBC сайтынан

62
қаралым

Ірі зерттеудің қорытындысы коронавирусқа қарсы Оксфорд университетінде жасалған вакцина COVID-19 белгілерінің ушығуын алдын алуда жоғары нәтижелілігін көрсетті, деп хабарлады BBC.

Алдын ала беріліп отырған мәліметке сәйкес, вакцина нәтижеліліктің 70 пайызын көрсеткен. Алайда зерттеушілердің айтуынша, дозаны өзгергерткен жағдайда ол 90 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Оксфорд университетінің вакцинасы нәтижелілік жағынан Pfizer және Moderna компанияларының вакциналарынан кейінгі орында тұр. Аталған компаниялардың вакциналарының қорғаушылық пәрмені 95 пайызға жеткен.

Pfizer вакцинасын салдырған 23 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 2 облысы «қызыл» аймаққа енді

Елімізде коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды

Алайда BBC оксфордтық вакцина Pfizer және Moderna вакциналарынан қарағанда едәуір арзан әрі оны сақтаудың оңай екенін, вакцинаны әлемнің кез келген нүктесіне жеткізуге болатынын атап өтеді. Егер реттеу органдары тарапынан мақұлданса, вакцина пандемияға қарсы күресте маңызды рөл атқарады.

«Вакцинаның нәтижелілігі туралы бүгінгі мәлімдеме (Оксфорд университетінің) бізді вирус туындатқан күйзелістен шығуға тағы бір қадам жақындатары сөзсіз», – деп мәлімдеді вакцинаны жасаған профессор Сара Гилберт.

Ұлыбритания үкіметі оксфордтық вакцинаның алдын ала 100 миллион дозасына тапсырыс берген. Ал AstraZeneca компаниясы келесі жылы бүкіл әлемге арналып үш миллиард доза жасайтынын мәлімдеді.

Ұлыбританияның Премьер-министрі Борис Джонсон «керемет жаңалыққа» байланысты қуанышын білдіріп, вакцинаның қауіпсіздігін тексеру жұмыстары алда болса да оны «фантастикалық нәтиже» деп атады.

Вакцинаны әзірлеуге шамамен 10 ай уақыт кеткен. Әдетте мұндай процесс ондаған жылдарға созылады.

Ұлыбритания мен Бразилияда сынаққа қатысқан 20 мың еріктіден алынған екі нәтиже бар.

Жалпы вакцинаның екі дозасын алған 30 адам Covid-19 індетін жұқтырған. Сондай-ақ фиктивті инъекция алған 101 адам коронавирусқа шалдыққан. Зерттеушілер вакцинаның нәтижелілігі 70 пайызды көрсеткенін мәлімдеді. Бұл көрсеткіш маусымдық тұмау екпесінен де жақсы көрсеткіш.

Сонымен қатар осы вакцинаны салдырған бірде-бір адам коронавирустың ауыр түріне қайтадан шалдықпаған және олар стационарлық емді қажет етпеген.

Жетекші зерттеуші, профессор Эндрю Поллард бұл нәтижеге «көңілі ырза екенін», себебі «бұл дегеніңіз, бізде бүкіл әлемге арналған вакцина бар деген сөз».

Ұлыбританияда оксфордтық вакцинаның 4 миллион дозасын қабылдауға әзір адамдар бар екен. Алайда реттеуші органдар мақұлдамай, бірде-бір адамға вакцина салынбайды. Реттеуші органдар вакцинаның қауіпсіздігі мен нәтижелілігін бағалап, жоғары стандарттарға сәйкестігін тексеруі тиіс. Бұл процесс адағы апталарда болады.

Ұлыбритания жаппай иммундау бойынша теңдессіз кампанияны бастауға дайын тұр. Бұл процес жыл сайынғы тұмауға қарсы вакцинаның өзін жолда қалдырайын деп тұр. Ең бірінші кезекте қарттар үйінің тұрғындары мен персоналына екпе жасалады. Одан кейін вакцина медицина қызметкерлері мен жасы 80-нен асқан азаматтарға салынады.

BBC оксфордтық вакцина Pfizer және Moderna компанияларының вакциналарынан қарағанда басқа амалды қолданатынын атап өтеді. Яғни оксфордтық әдіс бойынша пациенттерге вирустың генетикалық кодының бір бөлігі салынады.

Әлбетте Pfizer және Moderna компанияларының вакциналарының вакциналарының 95 пайыздық пәрменінен қарағанда 70 пайыздық көрсеткіш әлемді тамсандыра қоймауы мүмкін. Әйтсе де бұл вакцина Covid-19 жұқтырған адамдарды құтқарып қалуға қауқарлы әрі ол маусымдық тұмауға қарсы екпеден қарағанда едәуір тиімдірек. Оның сонымен қатар басымдықтары мен артықшылықтары бар. Оны тоңазытқыштың температурасында сақтауға болады. Яғни бұл дегеніңіз вакцинаны Pfizer / BioNTech және Moderna вакциналарынан қарағанда әлемнің кез келген нүктесінде сақтауға болады. Аталған компаниялардың вакциналарын төменгі температурада сақтау керек.

Бағасы шамамен 3 фунт стерлинг тұратын оксфордтық вакцинаның бағасы да арзан. Мәселен Pfizer компаниясының вакцинасының бағасы 15 фунт стерлинг, ал Moderna компаниясының вакцинасы 25 фунт стерлинг тұрады.

 
Тегтер: Covid-19вакцинаиммунитеткоронавирусоксфорд
Алдыңғы жаңалық

Бала бес күн бойы жабық пәтерде жалғыз өзі болған

Келесі жаңалық

Тағы бір өңір «қызыл аймаққа» енді

Ұқсас жаңалықтар

облыс
Жаңалықтар

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 16, 2021
Нью-Йорк
Жаңалықтар

Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

Қаңтар 16, 2021
мектеп
Жаңалықтар

Атыраулық мектеп оқушысы АITYSTAR тележобасында жеңімпаз атанды

Қаңтар 16, 2021
Қайрат
Жаңалықтар

«Қайрат» шабуылшысы ХХІ ғасырдың үздік сұрмергендер тізіміне енді

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 16, 20:10

Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

Қаңтар 16, 20:04

Атыраулық мектеп оқушысы АITYSTAR тележобасында жеңімпаз атанды

Қаңтар 16, 19:34

«Қайрат» шабуылшысы ХХІ ғасырдың үздік сұрмергендер тізіміне енді

Қаңтар 16, 19:23

Боранға байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 16, 19:14

Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова баннердегі суреті үшін 1 миллион теңге сұрап отыр

Қаңтар 16, 18:52

Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды

Қаңтар 16, 18:14
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

облыс

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 16, 2021
Нью-Йорк

Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

Қаңтар 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»