Энергия көздері туралы заң жобасын қарайды

Энергия көздері туралы заң жобасын қарайды

Палата Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен бюро отырысы болып, онда депутаттар Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібін талқылады және Мәжілістен келіп түскен заң жобаларын комитеттерге  бөліп берді.

Сенаттың кезекті отырысы 2020 жылғы 26 қарашада өтетін болды. Депутаттар Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Еуразиялық эконо­микалық одаққа мүше мемле­кет­тердің еңбекшілерін зей­нетақы­мен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне жаңар­тылатын энергия көздерін пайда­лануды қолдау және электр энер­гетикасы мәселелері бойынша өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарайды. Сонымен қатар Мәжілістен келіп түскен заң жобаларын бөлу барысында Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне бірқатар заң жобалары берілді. Атап айтқанда, олар Қа­­зақстан Республикасы Эколо­гия­­лық кодексінің жобасы, «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне экология мәселе­лері бойынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы», «Қа­зақ­стан Республикасының Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы», сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының ко­дексіне (Салық кодексі) және «Са­лық және бюджетке төленетін бас­­­қа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының ко­дексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Респуб­ликасының заңына экология мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қа­зақстан Республикасының заңы болып отыр. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан Рес­­пуб­­­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» және «Қазақстан Респуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жоба­лары бойынша қорытынды дайын­дайтын болды. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау ор­­ган­дары комитеті «Қазақстан Рес­публика­сының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Респуб­­ли­­касының шегінен тыс жерге шыға­­­рып жіберу кезінде ұс­тау мер­зімдерін реттеу мәселелері бойынша өз­­­ге­рістер мен толық­тырулар енгізу туралы» және «Қа­зақстан Рес­­пуб­ликасының кейбір заңнамалық ак­­тілеріне күзет қыз­меті мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жоба­ларын пысықтаумен ай­на­лысады.

Е.ЕРДЕНОВ