Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Nur Otan

Жыл соңына дейін 127 жоба іске қосылады

«Айқын» ақпарат
Қараша 24, 2020
Nur Otan, Жаңалықтар, Қазақстан
Nur Otan
14
қаралым

Индустрияландыру картасы ая­сында жобаларды іске асыру барысы «Nur Otan» пар­тия­­сының «Индустриялық-ин­но­вациялық даму бағыты» бойын­ша комис­сия отырысында тал­қы­ланды.

Жиынға жетекшілік еткен пар­тия­лық куратор, Мәжіліс депутаты Аль­берт Рау бірінші кезекте ин­дус­трия­­ландыру картасын қайта жан­дан­дырудың жаңа тәсілін атады.

– Пайыздық мөлшерлемені суб­си­диялау мен Индустрияландыру кар­тасының жобаларына кепілдік беруді, индустриялық инф­ра­құры­лым жүргізу бойынша жақсартылған шарттарды, осыған орай мін­дет­те­ме­лердің мониторингін қарастыру қа­жет. Бұдан басқа, қаржыландыруға байланысты даму институттары же­лісі бойынша бөлінетін қаражаттың 50 пайызын карта жобаларына ба­ғыт­тап, Премьер-Министр мен өңір­лер­дің әкімдері арасындағы ме­мора­н­дум­ның индикаторына тиіс­ті жылға ен­гі­зі­летін жобалардың са­нын қосу ке­рек, – деп мәлімдеді Аль­берт Рау.

Еліміздің әр облысында атқарыл­ған ауқымды жұмыстар жөнінде есеп берген Индустрия және инфра­құры­лым­дық даму вице-министрі Ама­нияз Ержанов сөз арасында 2020 жыл­дың негізгі жобасына тоқталды. Олар – Алматыдағы КМК Investment ЖШС металлургиялық, елор­дадағы ModeX Astana ЖШС көлемді-блокты үй құ­ры­лысы, Қарағанды об­лысындағы Qaz Carbon ЖШС фер­роқорытпа зауыт­тары. Сонымен қатар Алматы­дағы Hyundai Trans Kazakhstan жеңіл ав­токөліктер, Са­ран қаласындағы ав­тобустар, ка­рьер­лік және жол-құры­лыс тех­ни­ка­сын шығару, Қарағанды об­­лы­сын­дағы QazTehna ЖШС және Шы­ғыс Қазақстан облысындағы «Үлбі-ТВС» ЖШС жылу бөлетін құ­ра­­малар өн­дірістері де осы жылдың не­­гізгі жо­баларының қатарына кіре­ді.

Бектаева Nur Otan-ға келді

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

602 сайлаушыдан ұсыныс түсті

– Биыл 995,9 млрд теңге инвес­ти­­ция көлеміндегі 18,8 мыңнан ас­там жұ­мыс орнын құру көзделген 206 жо­баны іске қосу жоспарланып отыр. Олар­дың ішінде 77 жоба (5,8 мың жұ­мыс орны) ауылдық жер­лер­ге, 15 жо­ба (1 мыңнан астам жұмыс ор­ны) моноқалаларға бағытталды. Бар­лық мәлімделген жобалар то­лық­қанды жү­зеге асқан жағдайда өн­­дірілетін өнім­нің жалпы күтілетін кө­­лемі – 3 млрд АҚШ долларын, оның ішінде экспортқа шығары­ла­ты­ны – 800 млн АҚШ долларына жуық қаражатты құ­райды, – деп атап өтті Аманияз Ержанов.

Спикердің айтуынша, қазіргі таң­да жалпы сомасы 432 млрд тең­ге­ден аса­тын 51 жоба пайдалануға бе­ріл­ген, 127 жобаны осы жылдың соңы­на дейін іске қосу жоспарланып отыр. Со­нымен қатар 13 жобаны пай­­да­лануға беру мерзімдерінің орын­дал­мауы және 15 жобаны ке­лесі жылға ауыстыру тәуекелі бай­қал­ған. Өңірлер арасында инвес­ти­ция көлемі бойын­ша Қарағанды (203,1 млрд теңге), Ақ­төбе (138,3 млрд теңге) және Алма­ты (104,1 млрд теңге) облыстары көш бас­тап тұр. Жобалар саны бойынша – Ақтөбе (23), Шымкент қаласы (21), Ақмола және Павлодар облыстары (14) алда тұр.

Талқылау барысында Альберт Рау өңір­лік партиялық кураторлар тара­пынан индустриялық жобалардың іс­ке асырылуына мониторинг жүргізу қа­жет екенін баса айтты.

– Индустриялық жобаларды қа­зіргі қалыптан тыс дағдарыс жағ­дайын­да іске асыруды жалғастыру – біз­дің экономикамыздың әртарап­тандырылуы мен орнықтылығы үшін аса маңызды. Шектеу шараларына қарамастан, жобалардың басым бөлігі іске қосылатыны қуантады, – деді партиялық куратор.

Отырыс қорытындысы бойынша ко­миссия Үкімет үшін бірқатар ұсы­ным қабылдады. Атап айтқанда, іске қосуға дайын жобалардың жұмысын жүргізу үшін шетелдік мамандар ша­қыру, карта жобаларын іріктеу, сапалы мо­ниторинг жүргізу  басқа да  ұсы­ным бар. Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нис­тр­лі­гі­не Алматы қаласында жал­ған­­баған болат құбырларды өндіру ке­зінде тек қазақстандық болатты пай­далану, Шымкент қаласының әкім­дігімен бір­лесіп, жыл соңына дейін метал­лур­гия зауытын іске қосу­ды қамтамасыз ету туралы ұсыныс әзір­ленді.

Энергетика министрлігі KEGOC АҚ жанындағы бірыңғай есеп айы­рысу-қаржы орталығымен бірге ЖЭК жө­ніндегі картаның іске асырылатын жо­баларына шарт жасасуды қамта­ма­сыз етеді.

А.ЖАСАН

 
Тегтер: Nur OtanАльберт РаужобаИндустрияландыру картасыкомиссия отырысы
Алдыңғы жаңалық

Энергия көздері туралы заң жобасын қарайды

Келесі жаңалық

Sulpak ағаштарды кескен бе?

Ұқсас жаңалықтар

коронавирус
Жаңалықтар

«Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды»: Министрлік түсініктеме берді

Қаңтар 21, 2021
Екі жігіт қарияның телефонын тартып алып, банк қосымшасы арқылы ақшасын өздеріне аударып алған
Жаңалықтар

Екі жігіт қарияның телефонын тартып алып, банк қосымшасы арқылы ақшасын өздеріне аударып алған

Қаңтар 21, 2021
академия, аң терісі, полиция, Туризм академиясы
Жаңалықтар

Полиция Туризм академиясы президентінің фотосын тексеріп жатыр

Қаңтар 21, 2021
Алматы, жолаушылар автобусы, қоғамдық көлік
Жаңалықтар

Алматыда D категориясы жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасымалдап келген

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды»: Министрлік түсініктеме берді

Қаңтар 21, 14:53

Екі жігіт қарияның телефонын тартып алып, банк қосымшасы арқылы ақшасын өздеріне аударып алған

Қаңтар 21, 14:33

Полиция Туризм академиясы президентінің фотосын тексеріп жатыр

Қаңтар 21, 14:03

Алматыда D категориясы жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасымалдап келген

Қаңтар 21, 13:40

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Қаңтар 21, 13:18

Nur Otan Мәдениет министрлігінен қазақ тілінде сапалы контент жасауды талап етеді

Қаңтар 21, 13:12

Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды

Қаңтар 21, 12:52
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

коронавирус

«Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандық қайтыс болды»: Министрлік түсініктеме берді

Қаңтар 21, 2021
Екі жігіт қарияның телефонын тартып алып, банк қосымшасы арқылы ақшасын өздеріне аударып алған

Екі жігіт қарияның телефонын тартып алып, банк қосымшасы арқылы ақшасын өздеріне аударып алған

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»