Мемлекет басшысы – өндірісті өңірде
Мемлекет басшысы – өндірісті өңірде
187
оқылды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аумағы жөнінен еліміздегі ең ірі (Қазақстан аумағының 15,7%-ын алып жатыр), ал өнеркәсіптік әлеуеті мен минералдық ресурсы бойынша ең бай өңірге сапармен келді. Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапарын жаңа салынған мектепті көруден бастады.

Жаңа білім ошағына – 1 200 орындық жаңа мектеп-гимназияға жақын жердегі қа­зақ мектептерінен 900 оқушы ауыс­ты­рылыпты. Бұл қазақтілді білім орда­ла­рын­дағы үш ауысымда оқыту мәселесін ше­шуге бағытталған маңызды қадам. Қ.Тоқаев мектептегі оқу-тәрбие жұмыс­та­рының ұйымдастырылу барысымен танысып, бастауыш сынып оқушылары оқи­тын кезекші сыныптарды аралады. Мемлекет басшысына заманауи құ­рал­д­армен жабдықталған кабинеттер, STEM-лаборатория, робот техника жә­не зияткерлік бөлмелер, телестудия мен медиастудия таныстырылды. Мектепте са­­­бақтан тыс үйірме жұмыстары үшін ART-студия және хореография залы қыз­мет етеді. Президент жаңа мектеп-гимназияға Абай­дың есімін беру ұсынысын қолдады. Бі­лім ордасы адамзат кемеңгерінің мұра­ла­рын зерттеу, насихаттау орталығына ай­налады. Мектеп базасында қалалық жә­не облыстық іс-шаралар өткізілмек. Ол үшін 700 орындық акт залы бар. Іші Абай шығармашылығына қатысты көр­некті ақпаратпен безендірілген. Облыста жаңа оқу жылында 504 мек­теп­те 204 мың оқушы, соның ішінде 22 мың 1-сынып оқушысы білім алуда. Пан­де­мия жағдайында шәкірт саны 300-ден ас­пайтын 279 мектеп дәстүрлі қалыпта жұ­мысын жалғастыруда: оларда 29 мыңға жуық оқушы оқиды. Мұның сыртында бас­тауыш және 5-сынып оқушылары үшін 6 166 кезекші сынып ұйым­дас­ты­рыл­ған: 77 мыңнан астам бала оқып жа­тыр. Бүкіл білім беру мекемелерінде са­ни­тарлық режим барынша күшейтілген. Мемлекет басшысы Қарағандыдағы бір­­қатар спорт нысанын аралап көрді. Ол жаңадан бой көтерген теннис орталығына соқты. Онда бір мезгілде 650 бала жаттыға ала­ды. Нысанның инфрақұрылымы әлем­­нің ең озық стандартына сай. Мұнда 11 корт бар, оның 7-і жабық. Сонымен қа­­­тар жалпы және арнайы денешы­нық­тыру жұмыстарына арналған залдар сайланған. Орталықта ATP/WTA Challenger деңгейіндегі әлемнің үздік 100 ойын­шысы қатысатын халықаралық жә­не республикалық теннис жарыстарын өткізуге мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар Президент үстел теннисі орталығын аралады. Онда 18 үстел қойылған ойын залы, 9 теннис үстелі орналасқан жаттығу залы, медицина және массаж кабинеттері, жаттығу залы, әкімшілік ғимараты, төре­шілер мен бапкерлердің бөл­ме­лері, мәжіліс залы мен VIP орын­дар бар. Онда күніне 400 адам үстел теннисін ойнай алады. – Бұл тек жаттығып қана қой­май, халықаралық жарыс өткізуге барлық жағдай жасалған әдемі орталық. Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбекке, Үстел тен­нисінің президенті Д.Әбіл­ғазинге, Қазақстан үстел теннисі құра­масының бас бапкері Э.Әлиеваға алғыс айтқым келеді. Болашақта үлкен жеңіске жетесіздер деп үміттенемін. Көп жаттық­саңыз­дар, жетістік те мол болады, – деді Қ. Тоқаев. Орталық құрылысына Рес­публикалық үстел теннисі феде­рациясы 1 млрд 950 млн теңге қаржы жұмсаған. Биыл Қарағанды облысында 85 спорт нысаны пай­далануға беріледі деп жоспар­ланған. Қасым-Жомарт Кемелұлы «Сарыарқа» арнайы эконо­ми­калық аймағының даму перс­пективасына қанықты. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Прези­дентке АЭА-дағы инвестжо­балардың жүзеге асырылу ба­ры­сы, тұрақты жұмыс орындарын ашу, жеке және шетелдік инвес­ти­цияларды тарту, сондай-ақ Қа­зақстан мен Германияның бір­лескен кәсіпорнының жұмысы туралы баяндады. Мемлекет басшысы Техникалық газ өндірумен айналысатын «ЛиндеГаз Қа­зақстан» ЖШС, күн электр стансасы бағытында қызмет ететін «ҚазСолар-50» ЖШС, жылу өткізбейтін құбырлар өн­діретін «Изоплюс» ЖШС-тың және шарлы крандар шығаратын «Бёмер Арматура» ЖШС же­текшілері Мемлекет бас­шысына өз зауыттарының жұмысы және өнім өндіру көлемін ұлғайту жө­ніндегі жоспары жайында ақпарат берді. Сонымен қатар бүкіл әлем­де қалыптасқан эко­номикалық ахуалды ескере отырып, пандемия кезіндегі жұмыс жағдайы, биз­нестің әлеуметтік жауап­кершілігі мен қайырымдылық істері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қаз­солар-50» компаниясының өкі­лімен әңгіме барысында жаң­ғыратын қуат көздеріне қатысты жобаларды жүзеге асырудың маңызына назар аудартты. – Балама электр энергиясы бағытын қолдаймын. Жолдауда біртіндеп көмірқышқыл газын шығаруды азайту саясатын жүр­гізу керегін айттым. Бұл бағыттың болашағы зор. Бүкіл әлем аталған бағытта дамып жатыр. Германияға барғанымда осы тақырыпта неміс ком­панияларының жетек­ші­лерімен сөйлестім. Жалпы, олар­мен ынтымақтастыққа назар ау­дару қажет деп санаймын. Күн электр энергиясы болашақта бір­қатар проблеманы шеше алатын қуатты көзге айналады. Ол со­нысымен тартымды, – деді Пре­зидент. Ол канадалық заманауи тех­нология бойынша өнім шы­ғаратын Steel Manufacturing ЖШС өндіріс аумағын аралап көрді. Зауыт жы­лына жез-латуньнан жа­салған 30 миллион бұйым шы­ғарады. Мемлекет басшысы YDD Corporation ЖШС ферроқорытпа зауытында жоғары сапалы фер­росилиций (FeSi75) өнді­­рісімен танысты. Бұл өнімнің қоспасы болат, шойын қорыту кезінде металдардың механикалық және тотқа қарсы төзімділігін жақсарту үшін қолданылады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндіріс процесі мен өндірісте, құрылыста, кеме, әуекөліктерін және автомобиль жасауда қолданылатын дайын өнімдер көрсетілді. Зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Онда қолданылатын технология фер­росилиций мен фер­ро­марганец өндіруге мүмкіндік береді. Жо­бадағы отандық өнімнің үлесі 95%-дан асады. Зауыт акционерлері Е.Нығ­­­­матулин, А.Кемертелидзе және Ж.Аппаз аталған жобаның жергілікті және жаһандық сұра­нысты қамтамасыз ететінін айтты. Атап айтқанда, мұнда өндірілген ферросилиций Қазақстаннан бөлек, Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің нарығына шығарылады. Пан­демия кезінде компания өнімнің сатылу аумағын 15 елге арттырып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін көтеруге үлес қосты. Қазіргі кезде зауыт өз өнімін әлемнің 37 еліне экс­порттайды. Президент өндірісті басқару орталығын аралап көріп, Qaz Qarbon ЖШС жаңа жобасымен танысты. Мемлекет басшысы, сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында бо­лып, еңбек ұжымымен әңгі­ме­лесті. Ол компанияның метал­лургия комби­натындағы мы­рышпен және алю­миниймен қап­­тау цехының жұ­мысымен танысты. Кәсіп­орын­ның ат­қарушы директоры Вадим Басин Президентке өндіріс про­цесін ұйымдастыру және жаб­дықтау жұмысының қағидалары туралы айтты. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Наир Биджу Мемлекет басшысына кәсіп­орынды одан әрі дамыту перс­­пективасы, жаңа кокс батереясы құрылысының жоспары, эко­логиялық қалдықтарды азайту жөнінде қабылданып жатқан ша­ралар жайында мәлімет берді. Қасым-Жомарт Кемелұлы металлургия зауытының ең­бек ұжымына жұмыста табыс тіледі.

АйханАйхан ШӘРІП