Баланы қаққан жүргізушінің анасы Оңтүстік Кореяға барып, халықтан кешірім сұрады (видео)
Баланы қаққан жүргізушінің анасы Оңтүстік Кореяға барып, халықтан кешірім сұрады (видео)
127
оқылды

Чханвон қаласында 7 жасар баланы қаққан қазақстандық азаматтың анасы Оңтүстік Кореяға барып, халықтан, жол апатынан зардап шеккен бүлдіршіннің туыстарынан кешірім сұрады.

Кешірім сұраған оқиғаны жергілікті JTBC телеарнасы көрсеткен.

Еске сала кетейік, 16 қыркүйекте Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы көлікпен бала қағып кеткен. Оқиға қоғамда дау тудырды. Солтүстік Кореяда мигранттар үшін арнайы заң қабылдауға түрткі болды. Өйткені, қазақстандық Кореяға заңсыз кірген.

Атышулы оқиғаның анық-қанығын бұған дейін «Айқын» газетінде жазған болатынбыз.