Ливан: Халық WhatsApp-қа салық салу туралы шешімге қарсы ереуілге шықты
Ливан: Халық WhatsApp-қа салық салу туралы шешімге қарсы ереуілге шықты

24.kz-тің жазуынша, Ливанда жаңа салық түрінің енгізілуі үлкен дау туғызды.

Наразы халық Министрлер кабинетінің WhatsApp бағдарламасына салық салу туралы шешіміне түбегейлі қарсы шықты.

Ереуілге шыққандар резеңке өртеп, жолдарды жауып тастаған. Себебі, Ливан үкіметі ғаламтор арқылы қоңырау шалатын бағдарламаларды қолдану үшін айына 6 доллар көлемінде салық енгізбек болған. Бірақ жаппай толқулардан кейін шенеуніктердің бұл бастамасы жүзеге аспады.