Тауда жоғалған қыз табылмай жатыр
Тауда жоғалған қыз табылмай жатыр

Алматыда тауға шығып, жоғалып кеткен қызды іздеу тағы жалғасады.

ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің айтуынша, қыздың туыстары  оны іздеуді тоқтатуды сұраған.

«Кеше туыстары хабарласып, қызды іздеуді тоқтатуды өтінген еді. Бүгін кешке қарай тағы да өтініш жасап іздеу жұмыстарын жалғастыруды сұрады. Қазір кештің қараюына және тауда іздеу жұмыстарын түнде жүргізу қиындығына байланысты іздеуді таңертең сағат 8:00- де жеке құрамдағы он адамнан тұратын құтқарушылар тобы бастайды. Туыстары неге тағы да іздеу жұмыстарын жандандыруды өтіну себебін білмейміз», - деді Нұрсұлтан Нұрахметов. Қыз 10 қарашадан бері хабарсыз. 9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы (Жосалы) көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған екен.