Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Армия цифрландыруға зәру

«Айқын» ақпарат
Қараша 24, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
армия
43
қаралым

Бүгінгі әлем бұ­рын­­ғылардың «жау жоқ де­ме, жар астында» дей­тіні расқа айналғанын айғақтап тұр. Мемлекетке қауіп төндіруі мүмкін сын-қатердің сипаты да өзгеріп келеді. Бір ғана COVID-19 пандемиясының өзі та­лай мемлекетті әбігерге салғанын көрдік. Ал за­ма­­науи ұрыс техникасы мен соғыс жүргізу тәсілдері, соңғы технология әскердің де мойнына артылар жүктің ауырлап бара жатқанын көрсетіп отыр. Әсіресе, Тау­­лы Қарабақтағы со­­­ғыс­тан кейін армияның етек-жеңін жинау қажет екені байқалып қалды.

­Цифрлы технология армияға да жетті

Өткен аптада Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қор­ғаныс министрлігінің алқа мәжі­лі­сіне қатысты.  Жиында Президент Қорғаныс министрлігінің бас­шылығын жаһандық масштабта да, жекелеген аймақтарда да күрт өз­геріп жатқан әлемдегі ахуалды жіті бақылап отыруға шақыра отырып, қазіргі қауіпсіздік архитектурасы дағдарысқа ұшырағанын айтты. Сөйтіп, іс жүзінде қауіпсіздікке қа­тысты бұрыннан қалыптасқан тұ­жырымдардың өзгеріп кеткенін тілге тиек етті. Әрі Қ. Тоқаев осыған дейін қол жеткен жетістіктерді сақтау үшін Қарулы Күштердің қызметіндегі бірқатар басымдыққа көңіл бөлу қажет екенін айтты. Жоғарғы Бас қолбасшы әске­­рилерге армиядағы моральдық-психологиялық ахуалды және сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеру, әскерилерді әлеу­меттік-құқықтық тұрғыдан қорғау, ар­­мияның әскери машығын ұдайы шыңдап отыру керек екенін атап өтті. Сонымен бірге армияны ең озық цифрлы технологиялармен және құралдармен жабдықтаудың маңызды екенін ескертті. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 1 қарашасына дейін Әскери бағыттағы біртұтас ақ­параттық-коммуникациялық ин­фрақұрылым операторын құруды тапсырды. Бір сөзбен айтқанда, Мемлекет бас­шысы Қарулы Күштердің заманауи сын-қатерге төтеп беру қабілетін арттыру турасында нақты тап­сыр­малар жүктеді. Ал Қорғаныс ми­нистрі Н.Ермекбаев Қарулы Күш­терді дамытудың қоры­тын­дылары, сондай-ақ министр­ліктің стра­тегиялық бағыты жөнінде есеп берді.

Әрине, сырт көзге бұл жиын жыл аяқталар тұста кез келген министрлік ұйымдастыратын ке­зекті есеп беру жиналысынан аумайтыны анық. Алайда Пре­зи­денттің алқа мә­жі­лісінде айтқан ойларынан Қа­зақ­станның қор­ғаныс қабілетін арт­тыруға бағыт­талған бірқатар мес­седжді байқауға болады. Біздің пайым­дауымызша, мемлекет соңғы жылдары ар­мияның цифрлан­ды­рылуына ай­рықша көңіл бөле бас­таған. Тіпті, Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің цифрлан­дыру жө­ніндегі орынбасары қыз­метін енгізу туралы шешім қабыл­даған болатын. 2017 жылы қабыл­данған Әскери доктринада да кон­цептуалды өзгерістер бар. Мем­лекет кибер және ақпараттық қауіпсіздік, гибридті соғыстың алдын алу ісіне ерекше көңіл бөліп келеді. Әуе­қорғанысын күшейту, әскер түрлері мен тектерінің радио­оэлектронды күрес элементтерін дамыту, әс­кердің жедел әрекет ету әлеуетін көтеру мақсатында әскери-транс­порттық авиация паркін арттыру бағыттарына басымдық беруде. Мәселен, тек 2020 жылдың өзінде армия үшін 370-тен астам жаңа техника сатып алынған. 200-ден астамына күрделі жөндеу жаса­лыпты. Министр Н.Ермек­баевтың баяндамасына қарағанда, армия қазір заманауи әуе шабуылына қарсы қорғаныс және ұшқышсыз ұшу құрылғыларына ерекше назар аударып отырса керек. Әскери дрон­дар дәуірі басталған кезде мұндай қадамға бару құптарлық іс екені анық. Сөйте тұра, ұшқышсыз ұшу құралдарына қарсы күрес те өзекті болып отыр. Бірақ сарап­шылардың арасында Қазақстанның қорғаныс әлеуетіне күмән кел­тіретіндер де бар.

Мемлекет басшысы Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Парламентке өту межесі

Сабақтастық жалғасады

Рейтинг деген бар

Әдетте жаһандағы елдердің қор­ғаныс қабілетін түрлі орта­лықтар зерттеп, зерделеп өздерінше рейтинг жасап жататыны бар. Әрине, ондай рейтингтің барлығы елдің қорғаныс қабілеті мен әскери әлеуетінің қан­шалықты екенін дөп басып көрсете алмайды. Дегенмен біраз сыр ақта­рады. Мәселен, GlobalFirePower дейтін рейтингте Қа­зақстан биыл 63-орынға тұрақтады. Соңғы жылдары 53-56-орындар арасында тұратын Қазақстанның неге бұлай «кері кеткенін» түсіну қиын. Бәлкім, қа­руланып, армиясын күшейтіп жат­қан елдер қатар өсті ме, әлде біздің бірқатар дерегіміз қолжетімсіз болды ма, қайдам, әйтеуір рейтингте кері сырғыған жайымыз бар. Алайда тек осынау рейтингтің өзі 50 фактор ескеріле отырып жасалатынын ұмыт­­пау керек. Онда теңізге шыға­тын жолдан бастап халық саны, алтын-валюта қоры, сыртқы қарызы тәрізді түрлі шарт қарастырылған. Алайда ашық деректер негізінде жасалатын рейтингте қателер де бар. Мәселен, зерттеудің есебінде Қазақ­стан армиясында өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы жоқ деп көрсетілген. Ал іс жүзінде бар. Тіпті, олардың саны 300-ден асады. «Нона-С», «Акация», «Тюльпан» «Гвоздика», «Айбат» және «Семсер» тәрізді артқондырғылар сөзімізге нақты дәлел.

армия

Сол сияқты қорғаныс бюджеті 4 млрд доллар деп берілген. Бірақ Қазақстанның қорғаныс бюджеті мұнша сомаға жете қоймайды. Әри­не, ішкі тәртіп, құқық саласы, шека­ра қызметі мен ұлттық қауіпсіздік бағытындағы қаржының барлығын қосқанда бюджет көлемі аталған деңгейге жетуі мүмкін. Бірақ 4 млрд доллар тек Қарулы Күштерге бөлі­неді деп бағалау қате. Сондықтан GlobalFirePower рейтингінде көр­сеткішіміздің төмендеп кетуін мәлі­меттер аздығымен байла­ныстырған дұрыс. Әрі елдің нақты қорғаныс қабі­летінің деңгейі қандай да бір есеп-қисаппен бағалана қоймайды. Мәселен, Таулы Қарабақта соғыс басталардан бұрын Армения әске­рінің мүмкіндігін ешкім тым төмен бағалаған жоқ. Оларда 480 танк болды. Өздігінен жүретін ар­тил­лериялық қондырғылар, «Град», «Смерч» тәрізді реактивті атыс қару­лары, «Точка У», «Эльбрус» қатарлы тактикалық зымырандар бар еді. Атышулы С-300 зениттік зымыран кешендерінің де жет­кілікті болғаны айтылатын. Алайда 40 күннен астам уақытқа созылған ұрыс кезінде жағдайдың мүлдем басқаша екені белгілі болды. Танктерге қатысты түбе­гейлі өз­гермесе, олардың «қоз­ғалатын темір табыт» болуға ғана жарай­тынын көрдік.

Таулы Қарабақ жанжалынан не түйдік?

Негізі, Таулы Қарабақтағы ұрыс­­тар қорғанысқа қатысты тұжы­рым­дарды өзгерткендей кө­рінді. Оқиға­ны бақылап отыр­ған азаматтар мен сарапшылар ендігі ұрыста ұшқыш­сыз ұшатын құ­рылғылар шешуші рөл атқа­ратынын айтумен болды. Қазақстан армиясына да мұндай құрал қажет екенін алға тарту­шы­лардың қарасы көп еді. Бірақ зама­науи ұрыс тағдыры тек бір ғана тех­никаның немесе фактордың әсе­рімен шешілмейтініне назар ау­дарған жөн. Таулы Қарабақта аты­шулы Bayraktar TB2, Horon, SkyStriker дрондары ғана емес, өз­дігінен жүретін артиллериялық қон­дыр­ғы­лар, десанттық-барлау, десант­тық-штурм жасақтары да айрықша рөл атқарғанын ескеру ке­рек. Техника мен өзгеше үлгідегі әскери даярлық үйлесті. Бірақ мұн­дай үлгіні біз де назардан тыс қал­дырған жоқпыз. Мәселен, Қорғаныс министрлігі арнайы операциялар күштерін дамытуға ерекше көңіл бөле бас­таған. Бұл дегеніңіз – Әзер­байжан пайдаланған десанттық-барлау және десанттық-штурм топ­тарының баламасы деген сөз. Одан бөлек, дрондарға қарсы қорғанысқа да көңіл бөлу өзекті. Бәлкім, содан да болар биыл Қазақстан армиясы алғаш рет «Бук» зеннит-зы­­мыран кешенін сатып алды. Одан бөлек, армия төмен ұшатын ны­­сандарды анықтайтын «Роса» радио­­­лока­циялық стансалары мен Қа­зақ­станда жасалған «Нұр» радио­локациялық қондырғыларын пайдалана бастады. Қозғалыстағы нысандарды бар­лай­тын және батареялық күресті бақылайтын «Платформа» радио­локациялық стансасы да қару-жарақ құрамын толықтырған. Әрине, германиялық Rheinmetall тәрізді компаниялар жасайтын қаруларды алсақ ар­тықтық етпес еді. Бірақ Қа­­зақ­станның әскери ынты­мақ­тас­тық саласындағы және бір­қатар одақ­тардағы серіктесінің қай мем­лекет екені еске түссе, бәрібір қор­ғаныс қабілетіміздің көршіге бай­ланысты екенін мойындауға мәжбүр бола­мыз. Дегенмен дү­ниенің түпкір-түпкірінде болып жатқан аймақтық қақтығыстар шабуыл және қор­ғанысқа қатысты тұжырымдар түбе­гейлі өзгеруі мүмкін екенін көр­сетеді. Біздің пайым­дауы­мызша, әскери ІТ мамандарының айы оңынан туып келе жатқан тәрізді.

Ғарыш та қорғанысқа қызмет етуі керек

Негізі, жұрт тамсана айтып жүр­ген әскери дрондар тым озық тех­нология емес. Әзірге көптеген ел оны жердегі кешендерден ра­дио­сигналдар арқылы басқарып жүр. Ал мықты ІТ мамандар мен қуатты радиоэлектрондық күрес құрал­дарды аспандағы дрондарды «айт­қанға көніп, айдағанға жүре­тіндей» етіп «аулай» алады. Осыдан біраз жыл бұрын Иран мамандары АҚШ-тың сондай құрылғысын бір оқ шығармай қондырып алған. Бәлкім, содан шы­ғар бауырлас Түркия әскери дрон­дарды жер серігі арқылы басқару ісін бастады. Әрі олар да жаһанның супер­­державалары тә­різді ғарышта әс­кери мақсаттағы жер серігін ұс­тайды. Goktürk 2 жер серігі – әс­керилердің еншісінде. Алайда заманауи ұрыс техни­калары алдағы уақытта жасанды зейін арқылы басқарылуы мүмкін. Ондай зерт­теулер АҚШ тәрізді елдерде жа­салып жатыр. Мәселен, АҚШ бірер жыл бұрын жасанды зейін орнатылған Skybord деп аталатын әскери жүйені та­ныс­тырған. Онда жасанды зейін орна­тылған әскери дрондар ныса­наны өзі іздеп табуға, олардан тө­нетін қауіпті есептеп, соған сәйкес әрекет етуге, қажет кезінде базаға қайтып, оқ-дәрісін толтырып алуға «машықтанады». Skybord тіпті тұтас әскери опе­рациялар ту­ралы жеке-дара шешім қа­былдауға қабілетті. Яғни, оларды сарбаздар басқарып әуре бол­майды. Мұның өзі еліміздің қор­ғаныс қа­білетін арттыру үшін ІТ тех­но­логияға айрықша көңіл бөлу қа­жет екенін көрсетсе керек. Рас, әске­рилер бізге құпиясын аша бер­мейтіні анық. Ашық деректерге қарағанда, қорғаныс саласын цифр­­ландыру өзекті бола түскенін бай­қаймыз. Алайда моральдық тұрғыда ескірген техникалардан бас тарта қой­мағанымыз да рас.

АмангелдіАмангелді ҚҰРМЕТ

 
Тегтер: армияҚасым-Жомарт ТоқаевҚорғаныс министрлігіТаулы Қарабақұрыс техникасыцифрландыруцифрлы технология
Алдыңғы жаңалық

Қытай Айға адамсыз зымыран ұшырды

Келесі жаңалық

650 бала коронавирустан емделіп жатыр

Ұқсас жаңалықтар

Алматы, жолаушылар автобусы, қоғамдық көлік
Жаңалықтар

Алматыда D категориясы жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасымалдап келген

Қаңтар 21, 2021
Қырғызстан Республикасы, Садыр Жапаров, инаугурация
Жаңалықтар

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Қаңтар 21, 2021
Мәдениет министрлігі
Nur Otan

Nur Otan Мәдениет министрлігінен қазақ тілінде сапалы контент жасауды талап етеді

Қаңтар 21, 2021
Ұлттық банк, комитет, ақша-кредит
Жаңалықтар

Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда D категориясы жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасымалдап келген

Қаңтар 21, 13:40

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Қаңтар 21, 13:18

Nur Otan Мәдениет министрлігінен қазақ тілінде сапалы контент жасауды талап етеді

Қаңтар 21, 13:12

Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды

Қаңтар 21, 12:52

Бектаева Nur Otan-ға келді

Қаңтар 21, 12:27

Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәсіліне Иордания корольдігі қызығушылық танытып отыр

Қаңтар 21, 12:15

Журналист Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Қаңтар 21, 11:44
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Алматы, жолаушылар автобусы, қоғамдық көлік

Алматыда D категориясы жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасымалдап келген

Қаңтар 21, 2021
Қырғызстан Республикасы, Садыр Жапаров, инаугурация

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»