Мұны Ақмола облыстық Полиция департаменті мен Аршалы ауданы әкімдігіндегілер де растап отыр.
Әкімдіктің мәліметінше, жол апаты 22 қараша сағат 19.00-де болған. Daewoo Nexia көлігінің 27 жастағы жүргізушісі Аршалыдағы ауылдардың бірінен келе жатып, жолда жасөспірімді қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, 14 жастағы бала металл жинайтын орында жүк тиеп, жұмыс істеген.«Ижев ауылында тұратын жүргізушінің түсіндіргеніне қарағанда, ол Аршалыдан бес шақырым жердегі гараждан қызметтік көлігін алып келе жатқан. Себебі, ол аудандағы құрылыс бөлімінің басшысын апта сайынғы селекторлық отырысқа жеткізу үшін жұмыс орнына таңертең сағат 7.30-да баруы керек болған. Қараңғы түскен уақытта автожолда келе жатып, қарсы беттегі көліктердің жарығынан көзі шағылысып, жол бойындағы адамдарды байқамай қалады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сараптама тағайындалды», – дейді әкімдіктегілер.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіндегілер: «Қазір жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін қажет тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды», – деді.