Ақтөбедегі оқушы өлімі: Пышақтан жарақаттанған оқушыларды ауруханаға кім жеткізгені белгісіз
Ақтөбедегі оқушы өлімі: Пышақтан жарақаттанған оқушыларды ауруханаға кім жеткізгені белгісіз
128
оқылды

Ақтөбеде 15 жастағы мектеп оқушысы қатарластарының қолынан қаза тапқан еді.

Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімдер арасындағы төбелестен үш бала ауыр жарақат алған. Көз жұмған жасөспірім еркін күрестен чемпион болған екен. 10-сынып оқушысы отбасының тұңғышы. Жасөспірімнің туыстары кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанат Еркебаева: «Бізге полиция бөлімінен кешкі сағат 9-дар шамасында 10-11 сынып оқушыларының жиналғаны жөнінде хабар келді. Артынша баланың қайтыс болғанын айтты. Мадияр тәртіпті, көп сөйлемейтін, мінезі орнықты, үлгілі бала болды. Суретті өте жақсы салатын», - деді.

Ақтөбедегі «Заречный- 3» ауданында болған төбелестен оқушыларды ауруханаға кімнің жеткізгені тексеріліп жатыр.