Қытай Айға адамсыз зымыран ұшырды
Қытай Айға адамсыз зымыран ұшырды
135
оқылды

ҚХР Мемлекеттік ғарыш басқармасының хабарлауынша, зондтың міндеті – Айдың бетінен топырақ жинап, Жерге жеткізу.

«Чанъэ-5» Ай зонды Жерге 2 келі топырақ үлгісін әкеледі деп жоспарланып отыр. Есеп бойынша, ғарыш аппараты Айдың бетіне биыл желтоқсан айының басында қонады. Зондтың ұшу уақыты 20 күннен асады. Салмағы 8,2 тонна «Чанъэ-5» зонды орбиталық, қону, қайту және ұшу модульдерінен тұрады.

Қытайдың Айды айналып ұшатын зондты ұшырудағы мақсаты – Айды зерттеу.