Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Өңірде медициналық бетперде өндіріледі

«Айқын» ақпарат
Қараша 24, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
бетперде
73
қаралым

Пандемия кезінде тауар құнынан қымбат сатылып, тіпті дәріханаларда таптырмай қойған медициналық бетпердені  атыраулық кәсіпкерлер өздері  өндіре бастады.  Жаңа зауыт жылына 30 млн дана ме­дициналық бетперде  шығарып, сапалы отандық өніммен өңір­лер сұранысын қанағат­тандырады.

ХХІ ғасырдың індеті бол­ған пандемия әлем елдерін есең­гіретіп жіберді. Алғашқы соқ­қысында адам  шығыны көп бол­ғаны соншалықты, адам­дардың жүйкесіне әсер етті. Емдеу хаттамасы сан мәр­те ауысып, халықты аман сақтап қалуға жанталас басталған кез­де Қазақстанда дәрі-дәрмек пен бірреттік бетперде  іздеп сабыл­ған жұрттың жанайқайы әлем ел­деріне жеткені ақиқат.

COVID-19 елге жеткенде Ба­­тыс өңірлер жаздың аптап ыс­тық күндерінде дәріханаларды жаға­лап, ұзын кезекке тұрып дәрі мен бетпердеге  қолы жет­пей, зар илеп қалды. Атырау өңі­рі «қы­зыл жолақта» қалып, өңір­лер­мен байланыс үзілді. Ақи­қа­тында дүйім ел атыраулық кәсіп­керлердің жергілікті халық­ты  сақ­­тау үшін жанталасып, көр­шілес елдерде құны шарықтап кет­кен дәрілерді бірнеше есе бағамен сатып алып, облыс ауру­ханаларына жеткізгеніне куә болды. Тігін кәсібімен айна­лысатын мамандар қауіптен қор­ғайды деген матадан тәулік бойы бетперде  тігіп, еріктілер тегін таратты.

Бүгінде өмір мен өлім ара­сындағы арпалыста бетпердемен де, дәрімен де өздерін қамтамасыз еткен атыраулықтар, енді меди­циналық бетперденің  өңірде өн­дірілетініне қуанышты.

Бір өңірде демалыс күндері қатаң карантин енгізіледі

Еліміздің 4 облысында 19 блокпост қойылған

6 өңір «қызыл» аймақта тұр

Атырауда медициналық бет­пер­дені  өндіруші – «Доктор Хаус» ЖШС.

бетперде

Зауыт ішінде жұмысшыларға бар­лық жағдай жасалған. Жұ­мыс­­тан шыққан соң жуынуға арнал­ған кабиналар, киім ауыс­тыратын бөл­ме де бар. Жұмыс орнына кіре­берісте жұмысшылар дезинфекциялық құ­рылғы дә­лізінен өтіп, цехтағы өз орнына барады. Цех екі бөлікке бөлінген. Бірінші бөліктегі бөлмеде Ресейден әкелінген 4 құрылғы мен сол құрылғыда жұмыс іс­тей­тін мамандар, екінші бө­лігінде бетпердені сапасына сай сараптап, арнайы қорапқа салып қаптайтын жұмысшылар отырады. Бірреттік, тоқылмаған материалдан жасалған, пайдалану уақыты 2 сағаттан аспайтын үш­қабатты  ересектерге арналған ме­дициналық бетперделерді жы­лына 30 млн данамен шығару қуаты бар зауытта қазір 20 адам жұ­мыс істейді. Тапсырыс мол түс­кен жағдайда 4 құрылғы өз қуа­тына қосылады. Бұл кезде адам саны да көбейеді.

Зауыт инженері Мұхтар Мах­метов: «Ресейлік төрт құрылғының 3-еуі  толық қуатында жұмыс іс­теп тұр. Сұранысқа ие тауардың сапа­сына аса мән беріледі. Ба­ла­ларға арналған бетперде шы­ғару жоспарда бар. Бірақ ол тұ­тынушылардан тапсырыстың тү­сіне сай жүзеге асады. Ол үшін Ре­сейден алынған құрыл­ғының бі­рін  балалардың өл­шеміне сай қабаттап тігетін құ­­­рылғының бөлшектерімен ал­­мастыру қажет. Балаларға ар­нал­­ған бетперде материалының өзі ересектердікінен өзгеше бо­ла­тынын айтқан жөн», – дейді ол.

3 құрылғы тоқтаусыз жұ­мыс істеп тұрған жерде бізге бет­пер­денің дайындалуын ыжда­ғатпен түсіндірген  цех операторы Нұролла Жантуминді сөзге тарт­тық.

  – Әлем елдері COVID-19 ін­детімен күресуде. Бізге де бұл ін­деттің алғашқы соққысы қиын болды. Індетті жұқтырмаудың бір амалы бетперде тағу өте маңызды болып тұр. Бірақ оны дұрыс пайдаланған абзал. Екіншіден, әр адам бетперде тағу арқылы өзін ғана емес, басқаларды да қор­ғайтынын естен шығармауы қа­жет. Басшымыздың өңірде бет­перде өндіру туралы шешімін халық та қуана қабылдады. Өйт­кені COVID-19 індеті елге ке­ліп, жан-жақтан бетперделер әкелініп сатыла бастағанда ха­лықта сенімсіздік болды. Ал біздің зауыттың өнімдері ресейлік сынақтан өткен құрылғылардан, арнайы материалдан дайын­далатын отандық өнім. Құ­рыл­ғыны басқарып отырғандар да, бетперделерді сараптап, арнайы орама жасап қаптап отырғандар да жергілікті  мамандар. Сондықтан елімізге белгілі кәсіпкер Махмут Ме­ралиев басқарып отырған «Доктор Хаус» ЖШС шығарып отырған өнімдерді сатып аларда халық еш күмәнданбаса бола­ды, –дейді Нұролла Қылышұлы.

Зауыттан шығып, дәрі­ханаларда сатылатын медицина­лық бетперделер  Қазақстанда ең алдымен мемлекеттік тір­кеу­ден өткізіледі. Тіркеуге дейін бұл бұйымдар міндетті түр­де сараптамаға жіберіледі. Сарап­таманы өткізудегі мақсат – оның сапасын, тиімділігі мен қауіп­сіздігін тексеру. Бұл – біздің елдің заңнамалық талабы. «Доктор Хаус» ЖШС желтоқсан айында тексеруден өтіп, тауарларын са­тылымға шығарады.

Үкімет тарапынан қолдау көріп, отандық өнім қатарын то­лықтырғалы отырған меди­циналық бетперде зауыты еліміздің барлық өңірінде са­тылым­ға шығып, сұранысты то­лық өтеуге мүмкіндік беретіні сөз­сіз.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

 
Тегтер: атыраулық кәсіпкерлербетпердедәріханжаңа зауытмедициналық бетпердеөңіртауар
Алдыңғы жаңалық

Қалада полиция нарядтары көбейді

Келесі жаңалық

Sulpak-тың жанындағы ағашты кесуге қатысты прокуратура тергеуді бастады

Ұқсас жаңалықтар

академия, аң терісі, полиция, Туризм академиясы
Жаңалықтар

Полиция Туризм академиясы президентінің фотосын тексеріп жатыр

Қаңтар 21, 2021
Алматы, жолаушылар автобусы, қоғамдық көлік
Жаңалықтар

Алматыда D категориясы жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасымалдап келген

Қаңтар 21, 2021
Қырғызстан Республикасы, Садыр Жапаров, инаугурация
Жаңалықтар

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Қаңтар 21, 2021
Мәдениет министрлігі
Nur Otan

Nur Otan Мәдениет министрлігінен қазақ тілінде сапалы контент жасауды талап етеді

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция Туризм академиясы президентінің фотосын тексеріп жатыр

Қаңтар 21, 14:03

Алматыда D категориясы жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасымалдап келген

Қаңтар 21, 13:40

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді

Қаңтар 21, 13:18

Nur Otan Мәдениет министрлігінен қазақ тілінде сапалы контент жасауды талап етеді

Қаңтар 21, 13:12

Ұлттық банкте жаңа комитет құрылды

Қаңтар 21, 12:52

Бектаева Nur Otan-ға келді

Қаңтар 21, 12:27

Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәсіліне Иордания корольдігі қызығушылық танытып отыр

Қаңтар 21, 12:15
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

академия, аң терісі, полиция, Туризм академиясы

Полиция Туризм академиясы президентінің фотосын тексеріп жатыр

Қаңтар 21, 2021
Алматы, жолаушылар автобусы, қоғамдық көлік

Алматыда D категориясы жоқ жүргізуші автобуспен жолаушы тасымалдап келген

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»