«2019 жылдың қорытындысы бойынша атмосфералық ауаның экологиялық мониторингіне сәйкес 45 елді мекеннің ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент. Сонымен қатар экологияны ластайтын қалдықтардың көбісі Павлодар облысында шығарылады», – деді Мағзұм Мырзағалиев.
Министр өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту үшін елді мекендерді газдандыру мәселесін жүйелі түрде, жедел шешу керегін де айтты.