Біреудің есепшотынан 1 миллион теңгеге жуық ақшаны шешіп алған күдікті ұсталды
Біреудің есепшотынан 1 миллион теңгеге жуық ақшаны шешіп алған күдікті ұсталды
113
оқылды

Қарағанды қаласы Полиция басқармасы Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғыны арыз жазған.

Ол белгісіз адам банкоматтан оның шотынан 970 мың теңге шешіп алғанын хабарлады. Полиция банкоматқа орнатылған бейнекамераның жазбасын зерттеп, қомақты соманы иемденген азаматты анықтады.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі: «19 қарашада жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті – 34 жастағы ер адамды ұстады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады.