Ресей президенті Владимир Путин жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовпен жүздесті.
«Жеңісіңмен құттықтаймын. Әкеңді осындай ұл өсіріп, мықты спортшы етіп тәрбиелегені үшін құттықтағым келеді», — деді Путин.
Хабиб Нурмагомедовтің әкесі спортшының кішкентайында «бұзық болғанын, бірақ кейін өзгергенін» айтты.
Владимир Путин спортшының аралас жекпе-жек шебері Макгрегорды жеңгеннен кейін төбелес шығарғанына қатысты пікір айтты.
«Әлбетте, бұл – коммерциялық спорт, дегенмен спорттың аты спорт. Сондықтан мұнда да қағазға жазылған ғана емес, жалпы спорттық моральдық ережелердің сақталғаны жөн деп санаймын, — деді Владимир Путин.
— Ақшадан гөрі, жарнамадан гөрі спорттың шын идеалы басты орында болса деген үміттемін. Әрине, мұны бірінші кезекте қарсыласыңның командасына қатысты айтамын. Дұрыс қарым-қатынасқа, достыққа, спорттық сыйластыққа жол таба білген жөн (…). Өз қарсыластарыңмен бәсекелес болсаң да, жақсы адами қарым-қатынас жасайтын боласың», - деді Путин.