Сотқа дейінгі тергеуді Алматы қалалық прокуратурасы бақылауына алды.«Қала прокуратурасы Sulpak дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру кезінде жеке кәсіпкердің ағаштарды заңсыз кесу фактісіне жауап берді. Уәкілетті мемлекеттік органдар аталған ағаштарды кесуге рұқсат бермегені анықталды. Аталған факт бойынша Алматы қаласының табиғатты қорғау прокуратурасы ҚР ҚК-нің 340-бабы (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады» делінген хабарламада.
Бұған дейін Президент ағашты заңсыз кескендерді жауапқа тартуды тапсырды.