Қазақстан коронавируспен күресу үшін Азия даму банкі және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен жалпы сомасы 1,5 миллиард евро қарыз алады. Мәжіліс заң жобаларын мақұлдады.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Азия даму банкінен 908 миллион 596 мың евро қарыз алатынын айтты. [caption id="attachment_89940" align="aligncenter" > Қазақстанның Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев. Фото: Интернеттен алынды[/caption] Оның айтуынша, бұл қаржы пандемия салдарынан құлдыраған экономиканы қайта қалпына келтіруге жұмсалады.Қарыздың алғашқы бір бөлігі – 454 миллион 298 мың евро 10 жыл мерзімге, екіншісі 454 миллион 298 мың евро бес жылға беріледі.
Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, қарыз республикалық бюджет есебiнен қайтарылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алик Шпекбаев коронавирусты жемқорлықтың кесірінен жеңе алмай отырғанымызды айтқан еді.