25 градус аяз болады
25 градус аяз болады

Синоптиктер 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттар оңтүстік-шығысқа қарай жылжиды. Соның салдарынан Қазақстан территориясының кей жерлерінде бұрқасын болады. Солтүстік-шығыс желі күшейеді. Көктайғақ күтіледі.

Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Соның әсерінен республиканың көптеген облыстарында күн суытады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнгі ауа температурасы - 13 -18, кей жерлерде -20 -25 градусқа дейін төмендейді. Бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С төмен.

Республиканың батысында ғана осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз.