Таразда газ жарылысынан бір үйдің қабырғасы құлап қалды

Таразда газ жарылысынан бір үйдің қабырғасы құлап қалды

Тараз қаласында газ жарылысынан тұрғын үйдің бір қабырғасы құлап қалды. Әбдиев көшесінде орналасқан жер үйдің ас бөлмесінда орын алған жарылыстан сондай-ақ  11 жасар бала дене күйігі  түріндегі  жарақат  алып, ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойында жарылыстың орын алуына газ құбырындағы ақау себеп болуы мүмкін. Қазір мамандар  бұл бағытта тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Бұл күні Тараз қаласындағы №11ықшамауданындағы 23 үйде де оқыс оқиға орын алып, өрт сөндірушілер 12 адамның өмірін құтқарып қалды. Олардың үшеуі балалар. Өрт салдарынан көпқабатты үйдегі дүние мүлік толықтай жанып кеткен. Қазір өрт салдары мен келтірелген шығын анықталуда.  

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы