Елордадағы ботаникалық бақ аумағында тұрғын үй салынбайды

Елордадағы ботаникалық бақ аумағында тұрғын үй салынбайды

Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев елордадағы ботаникалық бақ аумағында тұрғын үй салынбайтынын айтты.

«Ботаникалық бақтың аумағында ешқандай құрылыс болмайды. Бұл жер баққа тиесілі болғандықтан, ондай жоспар да жоқ. Бақпен шектесетін көлемі 14,3 га жер телімі 31.05.2013 күнгі № 197-897 қаулыға сәйкес, мемлекет қажеті үшін алынған. Оның иесімен жерді босатып беру туралы мәміле жасалды», - дейді ол.
Айтылған жер телімі жекеменшікке беріле сала, ол туралы мәліметтер жер кадастры жүйесінен алынаятын болады.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от NUR-SULTAN (@akimat_nur_sultan)