Атамбаев серіктерін босатуды талап етті
Атамбаев серіктерін босатуды талап етті

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев өзін ұстауға арналған арнайы операция кезінде қамалған серіктестерін босатуды талап етті, - деп хабарлайды РИА Новости.

«Ең бастысы 2019 жылдың 7-8 тамызында Қой-Таш ауылында болған оқиғаларға қатысты істер бойынша түрмеге түскендердің барлығын заңды түрде қамаудан босатуларыңызды сұраймын. Бұл әділ шешім болар еді», - дейді жазған арызында Атамбаев.

Бұрынғы мемлекет басшы «билік жоғарыдағылардың ештеңеге кінәлі емес екенін жақсы біледі. Егер қандай да бір сұрақтар туындаса, олар маған сұрақ қойсын. Бірақ 7-8 тамыз оқиғалары сылтауымен тұтқындалғандардың бәрі босатылуы керек. Олар әділеттікке, заңдарға, ел Конституциясына сенетіндерін айтты»,– деп жазған.

Қырғызстандағы ең ірі социал-демократтар парламенттік партиясының жетекшісі Атамбаев 2017 жылы президент сайлауы нәтижесінде билікті өзінің мұрагері және жақын одақтасы Сооронбай Жээнбековке берді. Алайда көп ұзамай экс-президент командасының мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырды және ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталды.