Мектеп мұғалімі кісі өлтіріп, оны жеді деген күдікпен ұсталды
Мектеп мұғалімі кісі өлтіріп, оны жеді деген күдікпен ұсталды
132
оқылды

Берлинде 41 жастағы математика пәнінің мұғалімі кісі өлтіріп, оны жеді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлады ВВС.

Неміс полициясының хабарламасында мұғалімді  "Стефан Р" деп таныстырады. Германия заңы бойынша күдіктілердің фамилиясын ресми айып тағылғанға дейін ашып айтуға тыйым салынған. 8 қарашада Берлиннің солтүстігіндегі Бух саябағында серуендеп жүргендер екі ай бұрын жоғалған  44 жастағы ер адамның сүйегін тауып алған. Марқұмды "Стефан Т" деген атпен іздестірген. Криминалистер денені салыстырып, ұқсастықтарын анықтады. Полиция өкілі танымал "BZ" таблоидына сүйектердің бірінде еті мүлдем жоқ екенін айтқан. Марқұмның каннибалдың құрбаны болуына басқа да дәлелдер бар.

Тергеу кезінде иісшіл иттер полицияны күдіктінің үйіне алып келген. Үйді тексеру кезінде қылмыскердің  интернетте каннибализмге қызығушылық танытқаны, материалдар іздегені, сондай-ақ жәбірленушімен онлайн режимінде сөйлескені анықталды, деп жазады DPA агенттігі.

Марқұмның мамандығы электрик болған.  Оның жоғалғанын полицияға оның жалдамалы пәтердегі көршілері хабарлаған.