Алматы жастары флешмоб өткізді
Алматы жастары флешмоб өткізді
349
оқылды

Алматыда Түрксіб аудандық Jas Otan жастар қанаты төрағасының бастамасымен спорт кешендерінің бірінде жас буынның қатысуымен «Жастар салауатты өмір салты үшін!» атты флешмоб өтті.

Іс-шарада джиу-джитсу жаттығулары көрсетілді. Бұл әдіс әлсіз денелі адам күштірек қарсыласынан тиісті техниканы пайдаланып, оны жеңіп шығу керек деген қағидаға негізделген. Флешмобқа 70-тен астам адам қатысты. Балалар үлкен ықыласпен және қызығушылықпен тренингке қатысып, сонымен қатар барлығы әсерлі эмоцияларға ие болды. Осыдан кейін іс-шараны ұйымдастырушылар салауатты өмір салтына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Салауатты өмір салты – денсаулықтың маңызды факторы: ол еңбек белсенділігін арттырады, физикалық және психикалық тұрақтылықты тудырады, өмірлік позицияны, дене қорғанысын белсендіреді, жалпы жағдайды нығайтады, аурулардың жиілігін азайтады және дене тәрбиесі негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, жаман нәрсеге әуестік пен тәуелділік мәселелері де талқыланды, құрдастарының өмірінен мысалдар келтірілді. «Осы акция арқылы біз жастарымыздың спортқа ден қойғанын қалаймыз. Өйткені бұл дененің сау әлеуетін дамытудың тиімді құралы. Бұл денсаулықты жақсартуға орасан зор көмек береді», – деді Jas Otan ЖҚ аудандық төрағасы Құмар Түселбаев. Ауданда спорттық шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Бұл жастардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайтады деген сенім бар.