Орамалына қылқынып өлген әйел
Орамалына қылқынып өлген әйел
134
оқылды

Келіншек 15 жастағы ұлының көз алдында қайтыс болған.

58 жастағы келіншек таңғы асқа бәліш пісіргісі келген. Сөйтіп,15 жастағы ұлымен бірге ас үйге кірген. Бәлішке қажетті нәрсенің бәрін салып, миксерді қосқан. Сол сәтте әйелдің мойнындағы ұзын орамалы абайсызда ілініп кеткен екен. Қатты айналып тұрған миксердің күшіне орамал да оралып, әйелді қылқындыра түскен. Оны көрген ұлы сасқанынан төтенше жағдайға  хабарласып, солардың кеңесімен миксерді өшіріп, орамалды кесіп тастаған. Алайда сол арада келген жедел жәрдем қайтыс болған әйелге еш көмектесе алмады.

Бірақ жергілікті билік толық медициналық сараптама жасаған соң, оның неден қайтыс болғанын хабарлайтынын жеткізді. Бұл оқиға Францияның Сент-Этьен қаласында болған. Бұл жайында Daily Mail хабарлады.