Ер адам сантехникпін деп пәтерге кіріп, үй иесінің ақшасын ұрлап алған, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық полция департаментінің баспасөз қызметі. 36 жастағы ер адам өзін сантехникпін деп таныстырып трубаларды тексеремін деген желеумен пәтерге кірген. Үй иесінің назары басқа жаққа ауғанын біліп, ақшасы бар әмиянын жасырын жымқырған, осылайша үй иесіне 53 мың теңге сомасына шығын келтірген. Ақшасының жоғалғанын біліп, жәбірленуші полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды. Оның бұған дейін қылмыстық жауаптылыққа тартылғаны анықталды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның осыған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, - делінген хабарламада. Полиция департаменті азаматтардан белгісіз адамдарға есік ашпауларын, егер белгісіз адамдар өздерін коммуналдық қызмет жұмыскерлеріміз деп таныстыратын болса қызметтік куәлігін тексеруін немесе анықтама қызметі арқылы келу мақсатын нақтылап алуын сұрайды.