Кезекші сынып мұғалімдерінен COVID-19 анықталды

Кезекші сынып мұғалімдерінен COVID-19 анықталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы кезекші сыныптарда жұмыс істеген 24 мұғалімнен коронавирус анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте СҚО Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова хабарлады. Оның айтуынша, мұғалімдер ем алып жатыр.

Аталған өңірде екінші тоқсанда 361 мектеп штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл өңір­дегі барлық білім беру мекемелерінің – 75,7%-ы. Гүл­мира Кәрімованың айтуынша, жаңа оқу жы­лынан бастап коронавирусқа байланысты 57 ке­зекші сы­нып қашықтан оқуға көшірілген. Оның 19-ы қараша айында онлайн форматқа ауыс­ты­рылған. «Қазіргі уақытта СҚО-да 361 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Олар негізінен шағын комплектілі мектептер. Бұдан басқа 1 566 кезекші сынып бар, оларда бастауыш сыныптардың 19 303 оқушысы білім алып жатыр», – дейді. Ал М.Жұ­мабаев ауданы Успенский орта мектебіндегі ша­ғын орталық пен Аққайың ауданындағы «Ба­лапан» балабақшасы және мектепке дейінгі білім беру ме­кемелеріндегі 19 кезекші топ, сонымен қатар Уәли­ханов ауданындағы 3 мектеп карантинге жа­былды. СҚО-дағы мектептерде сақтық шаралары жа­салған. КВИ таралмауы үшін маска режимі ен­гізілген, санитайзерлер бар. Балалар бір кабинетте ғана оқиды. Олардың үзілісі сәйкес келмеуі үшін түрлі уақытқа қойылған. Енді балабақшаларға ба­лаларды қабылдау да сағат 9.00-ге дейін ұзар­тылды. Бұл бүлдіршіндердің бір-бірімен байла­нысын барынша азайту мақсатында жасалған.

Тұмар МЫРЗА