Алматыда ерекше техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған эко автобустар жолға шықты
Алматыда ерекше техникалық мүмкіндіктермен жабдықталған эко автобустар жолға шықты
180
оқылды

Электро автобустар қоршаған ортаның табиғатына залалы тимейтін ең заманауи қоғамдық көлік

Алматы қаласының көшелерінде тұрғындар көптен күткен Falcon EuroBus компаниясының қазақ-неміс әріптестерімен бірлесе жасаған алғашқы электро автобустары өз қызметін көрсете бастады. 

Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов "№1 Аlmaty Еlektroavtobys parki" ЖШС кәсіпорны мен жаңа маршруттың ашылуымен құттықтап, жолаушы тасымалдау жүйесінде бәсекелестікке лайықты еуропалық өнімдерді пайдалану аса маңызды екенін атап өтті.

- Жаңа технологияның дамуы алматылықтардың өмір-тұрмысын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар, қаланың инфрақұрылымын, оның ішінде қоғамдық көлік тасымалы жүйесін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді. Басты мақсат – Алматыда көлік жүйесін реформалау арқылы қалалықтарға сапалы көлік қызметін көрсету және жолаушы тасымалының деңгейін көтеру. Заманауи үздік технологияларды қолданысқа енгізу көлік саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, өз кезегінде бұл «ақылды қала» құру үшін маңызды қадам болып табылады. Бұл жобаны жүзеге асыруға бюджет қаражаты жұмсалған жоқ, инвесторлар мен автопарктің қаражаты ғана құйылды. Және қала әкімдігі электроавтобустарды сатып алмайды, біз тек маршрутты ғана анықтап бердік, - деді Ерлан Әділов.

Бұдан кейін зауыт шығарған жаңа экоавтобустарды қолданысқа енгізу және жұмыс істеу қарқыны туралы ақпарат берген "№1 Аlmaty Еlektroavtobys parki" ЖШС бас директоры Петр Смехович атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

- Жаңа үлгідегі электроавтобустардың жұмысын биік деңгейде ұйымдастыру мақсатында арнайы автопарк құрылды. Ең соңғы технологиялық жетістіктермен жабдықталған автопарктің диспетчрлік орталығы маршрутқа шыққан барлық автокөліктердің жұмысын тәулік бойы толық қадағалап отырады. Барлық қажетті мамандар білікті кадрлардан жасақталды, оның ішінде автобус жүргізушілері арнайы оқу тәжірибелік класында дайындықтан өткізілді, - деді автопарк басшысы.

FALCON M.ADI маркалы электрокөліктердің ерекшелігі мынада: автобустың едені төмен, ыңғайлы, тұтас металлдан құйылған, екі есікті, жолаушылардың, балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың түсіп-шығуына толық жағдай жасалған. Салонда барлық техникалық жабдықтар: жедел қызмет шақыру құрылғысы, аудио мен навигациялық жүйелер, микрофон, дыбыс күшейткіш, рация, мониторлар, ақпараттық электронды тақталар, маршрут бағыттары, жолаушыларды санау есептегіші, смартфондар мен гаджеттерді зарядтауға арналған USB нүктелері, бақылау камералары (артқы/алдыңғы, ортаңғы есіктер мен жолаушыларды көріп отыратын) орналастырылған.

Сонымен қатар, электро автобустар қоршаған ортаның табиғатына залалы тимейтін ең заманауи қоғамдық көлік. Бұл автобустар ауаны ластамайды және дыбыссыз қозғалады.

- Бүгінгі таңда бүкіл әлемде экология мәселесі бірінші орында тұр. Сондықтан, дүниежүзілік қоғамдастық қоршаған ортаны қорғаудың әртүрлі жолдарын іздестіруде. Электро автобустарды шығару – Алматы шаһарының экологиясын жақсартудың басты қадамының бірі. Автобустарды құрастыру барысында экологиялық қауіпсіздікке қатысты стандарттардың барлығы қатаң сақталды, - деп атап өтті автопарк басшысы.

Экоавтобустар Төле би көшесінің бойымен №206 маршрутқа шығып (Яссауи көшесінен Шығыс айналма жолға) дейін барады. Бұл маршрут таңдалғанда, көшенің кеңдігі, туралығы, ұзақтығы ескерілген. Ұзындығы 10 шақырымнан асатын бұл көше Алматыдағы жолаушылар тасқыны көп жүретін ең ірі бағыттың бірі.

Бұл автобустарда гаджеттерді зарядтауға арналған USB порты орналастырылған.

DSC03857.jpg

Қазіргі таңда әлемді гаджеттерсіз: смартфондар, планшет, электронды кітаптарсыз елестету қиын. Қоршаған айналамыз әртүрлі факторлардың, оның ішінде цифрлы технологияның қарқынды дамуынан күн сайын өзгеріп тұрады. Тіпті, жолаушылар жол үстінде уақытты өз мүддесіне орай тиімді пайдалануға тырысады: кітап оқиды, бейнеролик көреді, аудиосабақтар тыңдайды.

Осындай сәтте, мобильді телефон немесе смартфон батареясы отырып қалуы мүмкін ғой? Бұл жағдайда электро автобуста орнатылған USB порт көмегіне жүгініп, тығырықтан тез шығуға болады. Бұл барша жұрт үшін өте қолайлы болғандықтан, кез-келген жан USB порт арқылы әрқашан өз гаджетін қуаттандыра алады. Және олар өте тез қуаттандырылатын атай кеткен орынды. Осының барлығы жолаушылардың өздерін жайлы сезінуі үшін жасалған. 

Экоавтобуста қауіпсіздік сақтаудың заманауи жүйесі – жедел қызмет шақыру құрылғысы орнатылды.

Көліктегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігін арттыру кенеттен төнетін сыртқы қатерге жедел жауап қайтару әрекетіне байланысты болмақ. Сондықтан, мұндағы автоматтандырылған жедел қызмет шақыру құрылғысы қаладағы құтқару қызметінің, жедел жәрдем мен басқа да қызметтердің шұғыл келу уақытын барынша қысқартуды көздейтін маңызды құрал болып табылады.

Бұл құрылғы серверге орнатылған және оған түскен ақпараттарды, мысалы, жол апаты туралы сигналды жинақтап, саралайтын бағдарлама. Егер жол апаты болған жағдайда, тиісті ақпарат қалалық құтқару қызметінің «112» нөміріне автоматты түрде шұғыл түседі. Бұдан басқа аппарат электроавтобус жүргізушісі мен «112» операторының, автопарк диспетчерінің арасында бірден радиобайланыс орнатады. Бұл қызмет түрі тегін көрсетіледі.

Жұрт арасында электро автобустар өте қымбат тұрады деген пікір бар. Бір қарағанда, олар дизельді көліктен қымбат сияқты көрінгенімен, техниканы пайдалану барысында тиімділік арқылы көп ұтамыз. Мысалы, дизельді көліктер 100 шақырымға 38 литр жанармай жұмсайды, электробус бұл аралыққа бар болғаны 70 кВт электр қуатын жұмсайды. Бензин бағасының қымбаттығын ескерсек, электр қуатын пайдалану екі есеге жуық тиімді. Электро автобусты жұмысқа қосу өте оңай, әрі жеңіл. Автобуста жоғарывольтті үш аккумлятор орнатылған, қуаты 550 шақырымға жетеді. Сонымен қатар, алдағы қысқы кезең батареялардың қалай жұмыс істейтінін сынақтан өткізуге мүмкіндік береді. Заман талабына орай, келешекте электро автобустар технологиялық құндылықтар қатарынан күнделікті қоғамдық көліктерге айналатын болады.