Азаматтық қоғамды дамытуға тың қадам
Азаматтық қоғамды дамытуға тың қадам
127
оқылды

«Nur Otan» партиясы Ең­бек­шіқазақ аудандық фи­ли­алы жанындағы пар­тия­лық бақылау комис­сия­сы­ның мүшелері «Қазақстан­ның әлеуметтік жаңаруын­да­ғы ҮЕҰ рөлі» тақыры­бын­да үкіметтік емес ұйым­дар­­­дың өкілдерімен кез­де­су өт­кізді.

Жиынға аудандағы үкі­мет­тік емес ұйымдардың же­тек­ші­лері мен мүшелері қатыс­ты. Оты­рыс ба­рысында еліміздің да­м­уы жо­лында азаматтық қо­ғам инс­ти­туттарын құрудың маңыз­ды­лы­ғы, билік пен халық ара­сындағы ал­тын көпірді ор­натуда қо­ғам­дық қорлардың ор­ны ерекше еке­ні айтылды. Сон­дай-ақ үкі­­­меттік емес ұйым­­дарға әрқашан қол­­дау көр­­­сетілуі керектігі де тіл­­ге тиек етілді. – Бүгінде үкіметтік емес ұйым­­­дар қоғамның кез келген мә­­се­лесін шешетін билік пен ха­­лық арасындағы байланыс кө­­піріне айналды. Сонымен қа­­тар қоғамда ынтымақ пен ауыз­­бір­шіліктің болуына үлесін қо­­сып келеді. Ел Президенті әр сө­­зінде азаматтық қоғамды да­мыту, сол арқылы билік пен бұ­­қара арасына алтын көпір қа­лыптастыруды қолға алу қа­жеттігін ұдайы  айтып жүр. Шы­ны керек, қазір үкіметтік емес ұйымдардың жұмысында қар­­қын бар. Олар қоғам алдын­дағы миссиясын жүйелі атқа­рып келеді, – деді «Nur Otan» па­р­­тия­сы Еңбекшіқазақ аудан­дық филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары Қуат Бай­ғоджаев. Басқосу барысында қатысу­шы­­лар өз ойларын ортаға са­лып, бір-бірімен пікір алмасты. Аза­маттық қоғамды дамытудың да жайы талқыланды. Түрлі ұсы­­ныстар айтылып, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына сер­пін болар жайттар қамтыл­ды.

Ә білмансұр ЖАСАН