Жолаушылар тасымалы саласына серпіліс керек
Жолаушылар тасымалы саласына серпіліс керек
128
оқылды

Түркістан қаласында қоғамдық көліктердің жай-күйі тал­қы­­­ланған жиын өтті.  «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық фи­­­лиалы ұйымдастырған іс-шараға партияның саяси кеңе­сі­нің мү­шелері қатысты. Жиында қоғамдық көлік саласын­да­ғы өзек­ті мәселелердің жай-жапсары әңгіме өзегіне ай­налды.

Жалпы,  облыс орталығындағы қо­ғамдық көліктер Түркістан об­лысы бас мемлекеттік санитарлық дәрі­­герінің қаулысына сәйкес апта­ның бес күнінде жолаушы тасы­мал­дап жатыр. Күн сайын көліктерге де­зинфекция жасалып, бетперде ре­жимінің сақталуы қадағаланады. Со­нымен бірге Б.Саттарханов даң­ғылындағы Bus lane жолағы автобус қатынастарын жеңілдетіп, көлік кеп­телісінің азаюына септігін тигі­зіп жатқаны да айтылды. жолаушылар тасымалы Жиында «Nur Otan» партиясы Түр­кістан қалалық филиалы төра­ға­сының бірінші орынбасары Ал­масбек Темірбаев Түркістанның кө­лік қызметі талапқа сай болуы тиіс екенін жеткізді. Бүгінде Тұң­ғыш Пре­зидент, Елбасы – «Nur Otan» пар­тиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­ма­сымен Түр­кістан қаласында ау­қым­ды жұ­мыс­тар атқарылып жатыр. Ел Пре­зи­денті Қасым-Жомарт Тоқаев Түр­кістан­ға жасаған жұмыс са­па­рында облыс орталығын жан-жақты да­мыту керек екенін айтып, құрылыс барысына оң бағасын берген бо­латын. Демек, алдағы уақытта қала­ның көлік саласы да ірі мегапо­лис­терге сай өзгеруі тиіс.

Әбілмансұр ЖАСАН