Түркістан қаласында қоғамдық көліктердің жай-күйі талқыланған жиын өтті. «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы ұйымдастырған іс-шараға партияның саяси кеңесінің мүшелері қатысты. Жиында қоғамдық көлік саласындағы өзекті мәселелердің жай-жапсары әңгіме өзегіне айналды.
Жалпы, облыс орталығындағы қоғамдық көліктер Түркістан облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес аптаның бес күнінде жолаушы тасымалдап жатыр. Күн сайын көліктерге дезинфекция жасалып, бетперде режимінің сақталуы қадағаланады. Сонымен бірге Б.Саттарханов даңғылындағы Bus lane жолағы автобус қатынастарын жеңілдетіп, көлік кептелісінің азаюына септігін тигізіп жатқаны да айтылды.Әбілмансұр ЖАСАН