Әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті

Әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті

Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партия жұмысын жандандыруға арналған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдар­ла­ма­сында қоғамның партияға сенімін арттыру, ақпараттық-идео­логиялық жұмыстарды күшейту және әлеуметтік желілердің мүм­кіншілігін барынша пайдаланып, ашық форматта жұмыстарды жан­дандыру мәселесі қамтылған.

Елбасының тапсырмаларын өңірде жүйелі жүзеге асыру мақ­сатында «Nur Otan» партиясы Қы­зылорда облыстық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Ләйлә Төрешова жас әлеуметтік желі бел­сенділерімен кездесті. Кездесу бары­сында филиал төрағасының  бірінші орынбасары қазіргі уақытта желі әдебі, фейк ақпаратты анықтау тә­сіл­дері, төтенше жағдайда және бас­қа да оқиғалар кезінде ақпа­ра­т­тарды таратудағы медиасауаттылық тұрғысында мәселермен көп кезде­сетінін айтты. Осы тұста жас әлеу­мет­тік желі белсенділерінің сауатты болуын алға тартып, халықты алаң­да­татын мәселелерді ашық көтеруге ша­қырды. Сондай-ақ олардың ұсы­ныс-пікірлерін тыңдады. Өз сөзінде белгілі журналист, әлеу­­меттік желі белсендісі Гүлбану Ма­­­қа­жан ақпарат таратуда әлі күнге дейін кемшіліктер барын айтып, әріп­тес­терін ақпаратты барынша ха­лыққа тү­сінікті етіп жазуға шақыр­ды. Кез­десу аясында жастардың ұсы­ныс­та­рының барлығы назарға алын­ды.

Әбілмансұр ЖАСАН