Қырғызстанда Қазақстанның медицина күндері өтіп жатыр

Қырғызстанда Қазақстанның медицина күндері өтіп жатыр

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Бішкекте Қырғыз республикасының Ана мен баланы қорғау ұлттық орталығымен және Онкология және гематология ұлттық орталығымен екі жақты әріптестік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,– деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметінен.

Бүгін Қырғыз республикасында Қазақстанның медицина күндері басталды.

Екі күндік шараға еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 100-ден астам делегат қатысуда.

Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз республикасына ресми сапары қарсаңында өтіп жатыр. Қырғызстандағы қазақстандық медицина күндері – бұл Қазақстан мен Қырғызстан денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жолында тәжірибе мен біліммен, инновациялар мен технологиялармен алмасуға бағытталған іс-шара.

Меморандум аясында екі ел арасында медициналық көмек көрсетуді арттыру, медициналық туризмді дамыту, медицина қызметкерлер мен дәрігерлердің біліктіліктерін арттыру және т.б. салалар бойынша екі жақты әріптестік орнатылмақ.

Шара барысында сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғызстан медициналық ұйымдары арасында 10 меморандумға қол қойылды.