Ақтаудағы жол апаты: Рөлде 13 жастағы бала отырған

Ақтаудағы жол апаты: Рөлде 13 жастағы бала отырған

Жол апатына куәгерлердің айтуынша, көліктің бірін кәмелетке толмаған жасөспірім басқарған. Бұл ақпаратты полиция да растады,– деп хабарлайды Lada.kz.

13 қараша күні таңертең 30, 32, 33 және 34 шағынаудандардың қиылысында болған жол-көлік оқиғасына қатысты жаңа деректер пайда болды. Облыстық полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланың жол апатына қатысы бар көліктердің бірін басқарғанын растады.

«13 қарашада Toyota Camry, Geely және Hyundai Accent автомобильдерінің қатысуымен апат болды. Жарақаттың салдарынан Geely көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр»,– деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Толығырақ ақпаратты жедел жәрдем қызметі хабарлаған.

«Бүгін 09:21-де 103-ке 34 шағын ауданда апат болғандығы туралы қоңырау түсті. Екі команда үш минут ішінде жіберілді, бес минут ішінде оқиға орнына жетті. Жедел жәрдем келген кезде зардап шеккен төрт адам анықталды, олардың бірі 1980 жылы туған ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Тойота Камри көлігін басқарған 13 жастағы баланы жедел жәрдем ауруханаға келгенге дейін полиция алып кетіпті. 1960 және 1986 жылы туған тағы екі әйелге толық медициналық көмек көрсетілді, олар облыстық ауруханаға жеткізілді», – дейді Маңғыстау жедел жәрдем станциясының бастығы Рахымжан Елтаев.

Еске салайық, жол апаты Ақтаудың 30, 32, 33 және 34 шағынаудандарының қиылысында болған. Апат 39 жастағы ер адамның өмірін қиды.

https://youtu.be/EQuCiTBb-44