Бүгін Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясының ХХ съезі өтеді
Бүгін Елбасының қатысуымен Nur Otan партиясының ХХ съезі өтеді
112
оқылды

XX съезде Nur Otan партиясы праймеризінің қорытындысы, соңғы 5 жылда атқарған жұмысы сараланады.

Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияны жұмысын жандандырудың негізгі басым бағыттары талқыланады. Партия 2014 жылы елімізде бірінші болып «Электронды партия» жобасы аясында қоғамдық онлайн-қабылдау бөлмесін, веб-портал ашып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы коммуникацияның жаңа арналарын енгізді. Сол уақыттан бері партияның бастамасымен әлеуметтік, экономикалық мәселелер дер уақытында шешімін тауып жатыр. Халықтың өтініші, арыз-шағымы бойынша қолданыстағы заңдар аясында көкейкесті проблемалардың түйіні тарқатылды. Атап айтқанда, 5 жыл ішінде шамамен 1,2 млн-дай адам партияның көмегіне жүгінген. Өтініштердің 92%-і шешімін тауып, тұрғындарға көмек көрсетілді. Депутаттар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 180 мыңға жуық қабылдау өткізіп, 340 мыңнан астам азаматты өтініші бойынша қабылдады. Өтініштердің 72%-і оң шешімін тапты, 28%-іне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажет кеңес берді. Пандемияда халықтың денсаулығы, ел экономикасы үшін шұғыл көмек қажет жайдайларда көбінесе партия бастамашы болды. Қиын-қыстау кезеңде халыққа көмек қолын созды. Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінің күн тәртібіндегі мәселелер бүгін жан-жақты талқыланады.