Партиялықтар денсаулық сақтау жайын талқылады
Партиялықтар денсаулық сақтау жайын талқылады

Бұл салада қордаланған біраз мәселе бар. Медициналық көмектің сапасы, ауруханалар мен емханалардың қолжетімділігі қала тұрғындарын алаңдатады. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы қалалық денсаулық сақтау жүйесінің ең жоғары әлемдік стандарттармен қамтамасыз етуін жақтайды.

«Nur Otan» партиясының Әуезов аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері аудандық денсаулық сақтау саласының өкілдерімен «Дені сау адамдардың мықты елі» тақырыбын талқылай отырып, онлайн-пікірталас өткізді. №22 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Жұпар Сыдықова мен адвокат Қарлығаш Ескендірова алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету шарттары туралы, сондай-ақ пандемия жағдайында алматылықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, модераторлар ұлтты жетілдіруге көмектесетін факторларды атап өтті. Олардың қатарында аурудың алдын алу, қоғамдық және жеке гигиена ережелерін сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсете білу, балалар мен ересек организмге физиологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып, физикалық белсенді өмірге тәрбиелеу, жаман әдеттерден толығымен бас тарту, жайлы және қауіпсіз өмір сүру ортасын құру, сондай-ақ психологиялық және рухани даму мүмкіндіктері айтылды.