Чили: Метро билетінің қымбаттауынан басталған шеру жаппай ереуілге ұласты
Чили: Метро билетінің қымбаттауынан басталған шеру жаппай ереуілге ұласты
127
оқылды

Конституцияға енген өзгеріске байланысты Чилиде наразылық жалғасып жатыр.

«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, тәртіп сақшылары ереуілге шыққандарға күш қолданып, көзді жасаурататын газ бен су шашты. Халық Аугусто Пиночет кезінде қабылданған конституцияны өзгертуді талап етіп жатыр. «Себебі, ескі заң қазіргі жағдайға сай келмейді» деген тұрғындар өз талабын қойып жатыр. Сондықтан президент Себастьян Пиньера жаңа конституция жобасын ұсынды. Парламент оны жақын арада талқылауы тиіс. Чилиде толқулар бір ай бұрын метрода жүру ақысының қымбаттауынан туған еді. Содан бері 20 адам қаза тапты.