Атыраудағы жылқыны азаптап өлтіреді деген цех жұмысы тексеріліп жатыр (видео)
Атыраудағы жылқыны азаптап өлтіреді деген цех жұмысы тексеріліп жатыр (видео)
110
оқылды

Әлеуметтік желіде видеосы таралған оқиғаның мән-жайы тексерілетін болды.

Оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылған. Жергілікті мемлекетттік органдар мен полиция қызметкерлері істің ақ-қарасын анықтайды.

Әлеуметтік желілерде жылқыны бауыздап емес, темір таяқпен басынан ұрып өлтірген видео тараған. Видеода бұл жағдайдың Береке елді мекеніндегі цехта болған. ATPress.kz-тің жазуынша, желі қолданушылары қасапшылардың қатыгездігін сынады.

Қала әкімінің орынбасары Жұмабек Каражанов оқиғаға орай арнайы комиссия құрылғанын айтты. Оның құрамына жергілікті мемлекетттік органдар мен полиция қызметкерлері енген. Комиссия мүшелері цехке барып, тексеруге кірісті.

Жылқыларды қатыгездікпен өлтірген ер адамның кім екені белгілі болды.