Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Nur Otan мақсаты: Ауыл жақын арада барлық қажеттімен қамтылады!

Қарапайым азаматтар мемлекет деңгейіндегі шешім қабылдауға қатысатын болады.

Айхан ШӘРІП
Қараша 25, 2020
Жаңалықтар, Nur Otan
Nur Otan мақсаты: Ауыл жақын арада барлық қажеттімен қамтылады!
235
қаралым

Жалақы жыры тағы басталды

Бес ауылдың жері сатылып кете жаздады

«Nur Otan»-ның аймақтық филиалдары басшылығында бірқатар тағайындау болды

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы, праймериз жеңімпазы Берік Әбдіғалиұлы хабарлады.

– Халқымыз бүгін өте бір жауапты кезеңді бастан кешіп отыр. Әлемге жайылған пандемия, саяси қайшылықтар мен қаржылық қиындықтар белең алды. Мұның бәрі – біздің елге де әсер ететіні сөзсіз.
Осындай шақта – отыз жылдық белесті еңсерген Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, мақсатымызды бір арнаға тоғыстыру – алдымызда тұрған ең өзекті мәселе.
Қазақ елі бүгінде – ұлт пен ұлыстың басын қосып, бір атаның баласындай татулық орнатқан шуақты шаңырақ. Бұл шаңырақтың діңгегін көтеріп, өз қолымен уығын қадаған Елбасымыздың – ерен еңбегі.
Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясы «қайта жандануды» қолға алып, партияның алдын-ала сайлауын өткізді.
Аудандық партия филиалының төрағасы ретінде арнайы осы праймеризге қатысып – өңірлік сайлауалды бағдарламамызды жерлестеріміздің алдында талқылап, қорғап шықтық.
Осы жолы – республика бойынша әр-бір аудан, қала, облыс партия филиалдары – әр-бір аймақтың ерекшелігін ескеретін – 216 өңірлік арнайы бағдарламасын қабылдап, ел алдында соны орындауға міндет алды.
Жаңа ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы таныстырған Партияның сайлауалды бағдарламасы – осы 216 құжаттың жиынтығы деп айтуға әбден болады.
Мемлекет басшысының жақында ғана жасаған Жолдауындағы реформаларға негізделген кесек-кесек бағыттардан тұратын бұл құжат – іске асыруға ыңғайлы, барлық шығындары есептелген нақты бағдар.
Маңыздысы – қарапайым азаматтарды мемлекет деңгейдегі шешім қабылдауға және оларды жүзеге асыруға араластыру көзделген.
«Халық үніне құлақ асу» тұжырымдамасы аясында «Nur Otan»-ның «тікелей байланыстың» жаңа форматтарын енгізіп жатқаны қуантады.
Бұл, бір жағынан, қоғамның жауапкершілігін арттырса, екінші жағынан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді.
Ауылдың тұрғыны ретінде – мені бағдарламадағы «Ауқатты ауылдар» бөлімнің болғаны қатты қуантады. Өйткені, Ауыл – ұлтымыздың берекесі.
Ауылдың өмір сапасын жақсарту дегеніміз – ең алдымен халықтың өзі жиі көтеретін – газ, ауыз су, жол, интернет пен мобильдік телефон байланысы мәселелерін шешу.
Осының бәрімен ауылдарды жақын арада қамту – бағдарламада нақты қарастырылған.
Дәл осындай шешімдер – экономикамыздың басқа бағыттарына да арналған.
Бұларды ойдағыдай іске асыруға Президент жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңес, жақында құрылған Стратегиялық жоспарлау және Бәсекелестік агенттіктері сияқты нақты тетіктері – үлкен сеп болады деп сенеміз.
Алты жыл бұрын Ұлытаудың төрінде берген сұхбатыңызда: «Ұлытау – келешекте туризм орталығы болып, халқымыз келіп тәу ететін қастерлі жері болып қала береді» деп атап өттіңіз.
Былтыр Ұлытауда өткен халықаралық туристік форумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар тапсырма беріп, соның аясында Ұлытау өңірінде этнотуризімді дамыту жұмыстары және «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы – қарқынды жүргізілуде.
Партия бағдарламасында – алдағы жылдары Сарайшықта, Ордабасы мен Сауранда, Берел мен Шіліктіде, Бозоқта – туристер келетін арнайы визит-орталықтарын салу бар. Сайлау – елдігіміздің сынға түсер шағы.
Халқымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасында – бұл сыннан да абыроймен өтетінімізге кәміл сенемін! – деді Берік Әбдіғали.

 
Тегтер: Ауызсуауылпандемияпартия
Алдыңғы жаңалық

Бизнеске кедергі келтіру ауыр қылмыс болып саналады – Мемлекет басшысы

Келесі жаңалық

Бөрте жайлы жаңа пьеса

Ұқсас жаңалықтар

СҚО
Қазақстан

СҚО-да бір жылда 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Қаңтар 23, 2021
қыс, ауру
Жаңалықтар

Қыста асқынатын аурулар: Қалай сақтану керек?

Қаңтар 23, 2021
қызылорда
Қазақстан

Қызылордада көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 2021
10
Жаңалықтар

Гонконгта 10 мың тұрғын карантинге жабылды

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

СҚО-да бір жылда 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Қаңтар 23, 17:41

Қыста асқынатын аурулар: Қалай сақтану керек?

Қаңтар 23, 17:22

Қызылордада көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 23, 17:14

Гонконгта 10 мың тұрғын карантинге жабылды

Қаңтар 23, 16:47

Алматыда карантин талаптарын бұзған 18 нысанның қызметі тоқтатылды

Қаңтар 23, 16:24

Бельгия маңызы жоқ сапарларға тыйым салды

Қаңтар 23, 15:59

ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алды

Қаңтар 23, 15:38
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

СҚО

СҚО-да бір жылда 1 мыңнан астам мас жүргізуші ұсталды

Қаңтар 23, 2021
қыс, ауру

Қыста асқынатын аурулар: Қалай сақтану керек?

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»