Nur Otan мақсаты: Ауыл жақын арада барлық қажеттімен қамтылады!
Nur Otan мақсаты: Ауыл жақын арада барлық қажеттімен қамтылады!
162
оқылды

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы, праймериз жеңімпазы Берік Әбдіғалиұлы хабарлады.

- Халқымыз бүгін өте бір жауапты кезеңді бастан кешіп отыр. Әлемге жайылған пандемия, саяси қайшылықтар мен қаржылық қиындықтар белең алды. Мұның бәрі - біздің елге де әсер ететіні сөзсіз. Осындай шақта – отыз жылдық белесті еңсерген Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, мақсатымызды бір арнаға тоғыстыру – алдымызда тұрған ең өзекті мәселе. Қазақ елі бүгінде – ұлт пен ұлыстың басын қосып, бір атаның баласындай татулық орнатқан шуақты шаңырақ. Бұл шаңырақтың діңгегін көтеріп, өз қолымен уығын қадаған Елбасымыздың - ерен еңбегі. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» партиясы «қайта жандануды» қолға алып, партияның алдын-ала сайлауын өткізді. Аудандық партия филиалының төрағасы ретінде арнайы осы праймеризге қатысып – өңірлік сайлауалды бағдарламамызды жерлестеріміздің алдында талқылап, қорғап шықтық. Осы жолы - республика бойынша әр-бір аудан, қала, облыс партия филиалдары – әр-бір аймақтың ерекшелігін ескеретін - 216 өңірлік арнайы бағдарламасын қабылдап, ел алдында соны орындауға міндет алды. Жаңа ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы таныстырған Партияның сайлауалды бағдарламасы – осы 216 құжаттың жиынтығы деп айтуға әбден болады. Мемлекет басшысының жақында ғана жасаған Жолдауындағы реформаларға негізделген кесек-кесек бағыттардан тұратын бұл құжат - іске асыруға ыңғайлы, барлық шығындары есептелген нақты бағдар. Маңыздысы – қарапайым азаматтарды мемлекет деңгейдегі шешім қабылдауға және оларды жүзеге асыруға араластыру көзделген. «Халық үніне құлақ асу» тұжырымдамасы аясында «Nur Otan»-ның «тікелей байланыстың» жаңа форматтарын енгізіп жатқаны қуантады. Бұл, бір жағынан, қоғамның жауапкершілігін арттырса, екінші жағынан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді. Ауылдың тұрғыны ретінде - мені бағдарламадағы «Ауқатты ауылдар» бөлімнің болғаны қатты қуантады. Өйткені, Ауыл - ұлтымыздың берекесі. Ауылдың өмір сапасын жақсарту дегеніміз - ең алдымен халықтың өзі жиі көтеретін - газ, ауыз су, жол, интернет пен мобильдік телефон байланысы мәселелерін шешу. Осының бәрімен ауылдарды жақын арада қамту - бағдарламада нақты қарастырылған. Дәл осындай шешімдер - экономикамыздың басқа бағыттарына да арналған. Бұларды ойдағыдай іске асыруға Президент жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңес, жақында құрылған Стратегиялық жоспарлау және Бәсекелестік агенттіктері сияқты нақты тетіктері - үлкен сеп болады деп сенеміз. Алты жыл бұрын Ұлытаудың төрінде берген сұхбатыңызда: «Ұлытау – келешекте туризм орталығы болып, халқымыз келіп тәу ететін қастерлі жері болып қала береді» деп атап өттіңіз. Былтыр Ұлытауда өткен халықаралық туристік форумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бірқатар тапсырма беріп, соның аясында Ұлытау өңірінде этнотуризімді дамыту жұмыстары және «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы - қарқынды жүргізілуде. Партия бағдарламасында - алдағы жылдары Сарайшықта, Ордабасы мен Сауранда, Берел мен Шіліктіде, Бозоқта - туристер келетін арнайы визит-орталықтарын салу бар. Сайлау – елдігіміздің сынға түсер шағы. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағының арқасында - бұл сыннан да абыроймен өтетінімізге кәміл сенемін! - деді Берік Әбдіғали.