8 жасар қызды зорлап, өртеп жіберген жамбылдық өмір бойы түрмеде отырады
8 жасар қызды зорлап, өртеп жіберген жамбылдық өмір бойы түрмеде отырады
174
оқылды

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қаратау қаласында 8 жасар қызды өлтіру ісі бойынша үкім шығарды.

Жамбыл облысы Прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 8 жасар Аруай Берікті өлтіру ісі бойынша үкім жарияланды. Қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Прокуратураның сотталушыны өмір бойына қамау туралы талабы толық көлемде қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді. 

Күдікті Ж. Байділдаев Қаратау қаласының 37 жастағы тұрғыны, еш жерде жұмыс істемейтін, үйленген, бұған дейін «Ұрлық» бабы бойынша істі болған. 

Еске сала кетейік, биыл сәуірде Талас ауданы Қаратау қаласында қыз бала жоғалып кеткен. Ертеңіне қала сыртынан оның мәйіті табылған еді. Ізінше қылмысты жасады деген күдікпен Ж. Байділдаев ұсталды.