Nur Otan мақсаты: барлық жастар колледжде тегін оқиды!
Nur Otan мақсаты: барлық жастар колледжде тегін оқиды!
116
оқылды

Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ сьезінде белгілі спортшы-жеңіл атлет, Олимпиада қатысушысы, волонтер, праймериз жеңімпазы Ирина Эктова мәлімдеді.

-Спортпен 22 жылдан бері айналысамын және соңғы 12 жыл ұлттық құраманың мүшесімін. Елбасымен болған барлық кездесулер туралы әрқашан да тебіреніспен еске алып, туыстарыма және достарыма айтып отырамын. Н.Назарбаев бізге, Петропавлға аймақаралық форумға және Азия ойындары өткенде Ашхабадқа келді. Әрбір Олимпиада алдында Елбасының қолдауы біз үшін дәстүрге айналды. Елбасының саясаты - жақсылық пен бейбітшілік саясаты. Мұны біз пандемия кезінде көрдік. Достарыммен бірге «Biz Birgemiz» акциясына қатыстым. Біз волонтер болып, қаламыздағы жүздеген отбасыға бардық. Азық-түлік жеткізіп, ыстық тамақ тасыдық. Осындай игі істер арқылы партия адамдарға жақындай түсті. Мен – «Jas Otan»-ның белсендісімін, бірақ саясатқа жақында ғана қызығушылық таныта бастадым. Мен өз еліме депутат ретінде пайда әкелгім келеді. Сондықтан мен праймеризге қатысып, күшімді сынап көремін деп шештім. Бұл Мен үшін нағыз жарыс болды. Менің нәтижем: Петропавл қаласы бойынша әйелдер мен жастар арасында бірінші орын алдым. Маған сеніп, дауыс бергендердің барлығына рахмет айтқым келеді. Президент Қ.Тоқаев қыркүйек айында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жастар өміріндегі көптеген өзекті тақырыптарды қозғады. Бұл - қолжетімді және сапалы білім, жұмыс, тұрғын үй. Әр бағыт бойынша ол нақты шаралар ұсынды. Партияның сайлауалды бағдарламасы мен Жолдаудың басымдықтары үндес. Мен әрбір істегі дәйектілікті, сабақтастықты көремін. Бағдарлама жобасында спорт пен дене шынықтыруға көп көңіл бөлінгені өте маңызды. Бұны мен спортшы болғандықтан айтып тұрғаным жоқ. Өйткені бұл - денсаулық негізі. Бағдарламада әрбір облыста, ірі аудан орталықтарында, елді мекендерде балаларға арналған спорттық секциялар ашылатыны жазылған. Жаттықтырушы -оқытушылардың жалақысы 2 есеге артады. Дене шынықтыру мұғалімдеріне спорт секцияларындағы сабақтар үшін 100 пайыздық қосымша ақы көзделетін болады. Бұл керемет! Шынымды айтсам, біз үшін ең басты құндылық - бұл туған елдегі бейбітшілік пен келісім! Елбасы әрқашан бірліксіз ешқандай істің мағынасы жоқ деп айтады. Мен - жас анамын, қызым үшін, оның болашағы үшін алаңдаймын. Мен үшін елімізде тұрақтылық болғаны маңызды. Өйткені, бұл отбасының әл-ауқаты, болашаққа деген сенімі. Сайлауалды бағдарламада жазылғандай, Қазақстан –Бірлігі жарасқан және Біртұтас Ұлт. Әрине, біздің партиямыз ең жауапты саяси күш ретінде бірлігімізді, достығымыз бен келісімімізді одан әрі нығайта беруге тиіс. Мен білім беруге жұмсалатын шығындар – бұл жай ғана шығындар емес, біздің болашағымызға салынатын инвестициялар деген тезиспен абсолютті түрде келісемін. «Nur Otan» келесі бес жылда барлық жастар ел үшін қажетті мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқи алатындай етеді. ЖОО гранттары 50% - ға артады. Старт-ап жобалар жүйелі қолдауға ие болады. Бағдарламада бұдан басқа көптеген игіліктер қарастырылған. Жастар шетелге кетіп жатыр деген пікір бар. Менің ойымша, бұл жерде жаман ештеңе жоқ, өйткені көптеген адамдар оқуға, жұмыс істеуге, жаңа тәжірибе жинауға барады. Қазақстандықтар - барлық жаңашылдықарға ашық және бізде ашық шекаралар бар. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде еңбек ресурстары, инвестициялар, капитал еркін жүріп-тұрады. Еңбек нарығындағы салауатты бәсекелестік жас қазақстандықтарға пайда әкеледі деп ойлаймын. Менің достарым оқудан кейін үйге - Қазақстанға қайтуға ниетті екенін сеніммен айта аламын. Өйткені, бұл біздің еліміз! Бізде басқа Отан жоқ және болмайды! Біз осында өмір сүріп, өз мақсаттарымызға қол жеткізгіміз келеді! - деп қорытты сөзін Ирина Эктова.