«Әр съезден кейін біз артқа қарап, қорытынды жасаймыз, нәтижесін шығарамыз. Бүгін делегаттар атқарылған жұмыстар туралы айтып, өз ұсыныстарын жеткізді. Байқап жүрсіздер, біз 30 жыл ішінде қандай қиындықтарды бастан өткерсек те, халықтың әл-ауқатын жақсарттық. Мүлдем басқа ұлт өсті.
Елдегі кедейлік деңгейі 20 жыл ішінде 11 есе төмендеді. Жұмыссыздық – 2,8 есе. Тәуелсіздік жылдары біз ұлттық әртүрлілікті басымдыққа айналдырып, бірегейліктің бірегей стандартын құрдық. Ал ұлттық қор Қазақстанды дағдарыстардан құтқаруға көмектесті», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев партия әрдайым азаматтардың мәселелерін шешетінін айтты.