Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Nur Otan мақсаты: мәдениеті биік, ойы озық қоғам құрылады

Қазақстанда тыңнан түрен салып, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды қоғамдық істерге тартып, ел саясатына араласуға ұйыстыра алатын бір ғана партия бар, ол - Nur Otan.

Айхан ШӘРІП
Қараша 25, 2020
Жаңалықтар, Nur Otan
Мұхтар Ниязов, тәуелсіздік, партия

Фото: Интернеттен алынды

37
қаралым

«Амал деп жүргеніміз – Наурыздың бір бөлшегі ғана» – мәдениеттанушы Серік Ерғали

Мүмкіндігі шектеулі балаға қол ұшын созды

Көкшетауда митинг өтті

Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезінде айтыскер ақын, бірнеше дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов айтты.

– Тәуелсіздіктің 30-жылдығы қарсаңында, Партиямыздың мерейтойлық – 20-шы Съезіне қатысып отырмыз.
Қазақ деген ырымшыл халықтың баласымын ғой, осыны жақсылыққа балап, көңілдегі көркем ойды ақтарсам деймін.
Тәуелсіздік алған жылдары мен мектеп табалдырығын енді аттаған бала едім. Көк байрақтың астында өсіп-жетілгенімді Жаңа дәуірдің ұрпағы екенімді мақтаныш етем!
Бүгінде біздің Қазақстан – төрт құбыласы тең, ырысы толық, бірлігі мығым ел.
Осы жылдардағы олжамызды түгендесек,
Елбасы ұйытқы болып, ұлан-ғайыр жеріміздің шекарасын шегендедік.
Арқаның төсіне астанамызды салдық.
Тоқсаныншы жылдары халықтың үштен бірі ғана болған қазақтың саны бүгінде 70 пайыздан асты.
Аз жылда басқа елдермен тереземіз теңесті.
Төл мәдениетіміз бен ұлттық өнеріміздің құрметі өсті.
Менің есімде, айтысқа қатысты Елбасының өзі келелі ой, кесімді сөз айтып, нақты тапсырма берген еді.
Содан бері жыл сайын партияның қолдауымен «Алтын домбыра» республикалық айтысы, ел ішінде әр түрлі республикалық және аймақтық айтыстар өтіп тұрады.
Екі мәрте «Алтын домбыраға» ие болдым.
Айтысқа деген жанашырлығы үшін Ұлт көшбасшысына және Партияға ризашылығымды айтамын.
Биыл тұңғыш рет өткен партияның алдын-ала сайлауы – праймеризді мен айтысқа ұқсатамын.
Ел аумағында өткен айтыс-дебаттарды дүйім жұрт тамашалады. Пікірталастар ашық және әділ өтті. Белгілі айтыскер ағаларымыз – «Арқаның сал-серісі» Аманжол Әлтаев пен «айтыстың Ақтаңгері» Айбек Қалиев саяси додада жүзден жүйрік шығып, жеңіп шықты.
«Nur Otan» осылайша тыңнан түрен салып, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды қоғамдық істерге тартып, ел саясатына араласуға ұйыстырып жүр.
Соңғы жарты жылда барлық аймақта партияның өңірлік бағдарламалары талқыланды, халық сүзгісінен өтті. Мен де Қызылорда қаласының және облыстың бағдарламасын дайындауға үн қостым.
Бірде-бір партия дәл осындай халықтық талқылаудан өткен, әр ауыл, әр аймақтың мәселесіін шешуді көздеген 216 бағдарлама жасаған емес!
Бүгін қабылданған партияның Республикалық бағдарламасы өзінің кешенділігімен, нақты азаматтарға арналғандығымен өзгеше.
Халықтың мүддесін түгендейтін, қоғамның талап-тілектерін ескерген құжат бұл. Оның ішінде, мәдениеті биік, ойы озық қоғам құруға арналған бөлігі көңілімнен шықты.
«Nur Otan» ақын-жазушыларды, драматург-сценаристерді, шығармашылық тұлғаларды қолдайды. Яғни, халықтың ар-ұжданын ойлайды. Ұлттық тарих пен мәдениетті қастерлеп, кино, мұражай мен кітапханаларға қамқорлық жасайды. Мұның бәрі партия бағдарламасында тайға таңба басқандай анық жазылған.
Рас, алдағы бес жылдың жүгі ауыр.
Бір қазан сүттің бір қасық ұйытқысы болады.
«Nur Otan» бос сөзге емес, іс тындыруға ұмтылатын партия!
Әрдайым жабырқағанның жанынан табылып, жәрдем беріп келеді.
Сондықтан елдің тыныштығы мен берекесін ойлаған азаматтар Елбасы мен Мемлекет басшысының саясатын, партияның бағытын қолдайды.
Жамандықты амандық жеңеді, тату елге тақсырет жуымайды. Елдің бірлігі мен бейбітшілігіне, тұрақтылығы мен дамуына күш салатын партиямыздың алдағы атқаратын істеріне сәттілік тілейміз.
«Ақынға қара сөзден өлең оңай» деген бар. Сөзімді бір-екі шумақпен түйіндесем деймін.
Қазақты киіз үй ғып қалса құрап,
Халық уық болады хан шаңырақ.
Шаңырақ пен уығың берік болса,
Орындалар ойдағы барша мұрат!
Елдікпен бірге туды жұртыма ақ күн,
Тыныштықта ұясы күлкі, бақтың
Бұл күнімді көп көріп басқа елдердей,
Келмейді майдан ашық мылтық атқым.
Ордасына айналсын Қазақстан,
Береке, байлық, бірлік ынтымақтың! – деп шабыттана сөйледі айтыскер Мұхтар Ниязов.

 
Тегтер: Мұхтар Ниязовпартиятәуелсіздік
Алдыңғы жаңалық

Nur Otan нақты істердің партиясы екенін дәлелдеді

Келесі жаңалық

Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі – Президент

Ұқсас жаңалықтар

полиция
Жаңалықтар

Полиция қызметкері 12 жылға сотталды

Қаңтар 28, 2021
Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасын қабылдады
Жаңалықтар

Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасын қабылдады

Қаңтар 28, 2021
Жексенбіде елордада қоғамдық көлік жүрмейді
Жаңалықтар

Жексенбіде елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Қаңтар 28, 2021
карантин
Жаңалықтар

Павлодар облысында демалыс күндері қатаң карантин жарияланды

Қаңтар 28, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция қызметкері 12 жылға сотталды

Қаңтар 28, 16:24

Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасын қабылдады

Қаңтар 28, 16:10

Жексенбіде елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Қаңтар 28, 15:58

Павлодар облысында демалыс күндері қатаң карантин жарияланды

Қаңтар 28, 15:45

Қуат Хамитовке үкім шықты

Қаңтар 28, 15:10

Қазақстандық ғалым коронавирусты 7 минутта анықтайтын тест ойлап тапты

Қаңтар 28, 14:50

Дене шынықтыру мұғалімдерінің жалақысына жаңа қосымша ақы қосылады

Қаңтар 28, 14:31
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

полиция

Полиция қызметкері 12 жылға сотталды

Қаңтар 28, 2021
Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасын қабылдады

Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасын қабылдады

Қаңтар 28, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»