«Астаналық» сауда үйіне «жарылғыш зат» қойғылғаны туралы хабарлаған елордалық ұсталды

Елордадағы «Астаналық» сауда үйіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат беру күдігімен жас жігіт ұсталды.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 09.21-де Жедел басқару орталығының 102 пультіне «Астаналық» сауда үйіне (Артем) жарылғыш зат қойылғаны туралы қоңырау түскен.

«Тексеру барысында жарылғыш зат табылған жоқ. Полиция жедел іздеу шараларының кешенін жүргізді. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 21 жастағы жас жігіт ұсталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен қылмыстық іс қозғалды», - деді ведомстводан.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.