Тоқаев: Халық әлеуметтік қолдаудың игілігін көруі тиіс
Тоқаев: Халық әлеуметтік қолдаудың игілігін көруі тиіс
5,111
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды.

Ақмола облысын дамыту жөнінде жиын өткізді.

Мемлекет басшысының Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте бірқатар мәселелерді көтерді деп Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

«Елорданы айнала қоршап жатқан Ақмоланың стратегиялық маңызы жоғары.
Осы жердің тұрғындары ел экономикасын өркендетуге елеулі үлес қосып келеді.
Сондықтан облыстың бүгінгі тыныс-тіршілігімен қатар, даму келешегі – еліміз үшін өте маңызды міндеттердің қатарында.

Жолдауда айтқанымдай, экономикалық өсімді және тың өзгерістерді еліміздің әрбір тұрғыны сезінуі қажет. Біз халықтың әл-ауқатын арттыруды әрдайым басты назарда ұстауымыз керек.
Өңірде тұратын азаматтарымыздың тұрмыс сапасы жоғары стандарттарға сай болуы тиіс.
Бұл, ең алдымен, жергілікті халық тұрғын-үй, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым сияқты игіліктерді көруі тиіс деген сөз.
Сол себепті, барлық деңгейдегі әкімдер жұмысты жаңа талапқа сай, тиімді ұйымдастыруы қажет», — деп тапсырма берді Президент.