Орта салмақта WBA «регуляр» титулына ие жапониялық Риота Муратаның (16-2, 13 КО) промоутері Акихико Хонда төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жек туралы келіссөз өткізу үшін АҚШ-қа келді. Бұл туралы talkSPORT спорт порталының редакторы Майкл Бенсон мәлімдеді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Оның айтуынша, бұл жекпе-жек Токиодағы 55 мың адам сиятын Tokyo Dome стадионында өтуі мүмкін. Бокс кешін жексенбі таңғысын де өткізу жоспарда бар, бұл АҚШ-тағы көрермендердің ыңғайына жасалып отыр.