Тоқаев: Бос әурешілік, көзбояушылықты қою керек
Тоқаев: Бос әурешілік, көзбояушылықты қою керек
201
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік бағдарламаларды сапалы іске асыруға мән беру керегін айтты.

Ол жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламаны даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескеруді тапсырды.

«Біз бос әуреленіп, көзбояушылықпен айналыспауымыз керек. Жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескерген абзал. Жеңістеріміз жайлы есептің қажеті жоқ. Шынайы талдау мен тиімді әрекеттер керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.