Диего Марадона көз жұмды
Диего Марадона көз жұмды

Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадона 60 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Clarin. Наполи мен Аргентина құрамасының бұрынғы ойыншысы жүрек ұстамасынан қайтыс болды.

11 қарашада Марадона ауруханадан шыққан болатын. Экс-футболшыға субдуральды гематомаға байланысты операция жасалды. Шығарылғаннан кейін Марадонаны алкогольге тәуелділіктен емделу үшін клиникаға жатқызылғаны туралы хабарланды. Диего соңғы рет 30 қазанда Марадонаның 60 жылдығына арналған Аргентина чемпионатының 1-турының матчында көпшілік алдында көрінді. Матч алдында оған ескерткіш тақта берілді. Алайда Диего өзін нашар сезінгендіктен ойынды тамашалаудан бас тартқан. Кейінірек ол Ла-Платадағы Ипенс клиникасына жеткізілгені туралы хабарланды.