«Nur Otan» сапалы партиялық тізім ұсынды – Ерлан Саиров
«Nur Otan» сапалы партиялық тізім ұсынды – Ерлан Саиров

– «Nur Otan» партиясының  кезектен тыс съезі өтті. Осы тұста аталған шараның  маз­мұндық  сипатына қатысты өз ойларыммен бөліскім келді.

Съезде  партияның  сайлауалды бағдарламасы қабылданды. «Nur Otan»  эволюциялық даму мен әлеуметтік трансформацияны  ұсынды. Барлық  негізгі шешімдер адам капиталын  дамыту мен  ел азаматтарының әл-ауқатын жақ­сартуға бағытталды. «Nur  Otan» партиясы өзгерді. Ол өте тиімді қайта жаңғыруды бастан кешірді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «біз «Nur Otan» партиясын жүйелі түрде  қайта жандандыруды аяқтадық». Осы тұста партияның  «Өз­герістер жолы:  Әр азаматқа – лайықты өмір!» деп аталатын  қуатты  бағ­дарлама ұсынғанын атап өту керек.  Онда  адам капиталын дамытуға,  ана мен баланы сақтауға,  шағын және орта бизнесті қорғауға, ауыл мен селоларды жүйелі түрде да­мытуға бағытталған нақты шаралар бар. Партияның сай­лауалды бағдарламасын жүзеге асы­руға бағытталған қаржының жалпы көлемі – 21 трлн теңге. Партияның  сайлауалды бағдар­ламасы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы  негізгі басымдықтарды жүзеге асыру  бойынша  тиімді тәсілдерді қам­тыған. Маған Мемлекет  басшысының баяндамасы айрықша әсер етті. Президент Қ.Тоқаев  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стра­тегия­лық  курсының жалғас­тылығын  қамтамасыз етуді атап өтті. «Nur Otan»  әр саланың өкіл­дерінен,  танымал тұлғалардан құралған  сапалы партиялық тізім  ұсынды. «Nur Otan» съезі  партия қатарының жаңарғанын көрсетті, көптеген жаңа тұлғалар келді,  жас­тар мен әйелдердің қатары мол болды. «Nur  Otan» съезі  элитаның бір­тұтастығын көрсетті. Жалпы,  біз барлық күш-жігеріміз бен қаржыны ел азамат­тарының әл-ауқатын  жақ­сартуға бағыттауға тиіспіз деген пікірдемін. Пандемия  ел азаматтарының әлеуметтік көңіл күйіне қатты соққы жасады. Сон­дықтан  ке­дейліктің алдын алу мен онымен  күрес маңызды қадам болып са­нала­ды.  Адам дамуының  индексін көтеретін  нақты қадамдар  еліміздегі барлық прогресшіл күштердің маңызды бағыты  болуы тиіс. Сонымен қатар еліміздің демо­графия­лық даму деңгейін көтеру қажет. Қазіргі демографиялық динамика  дамыған елдің талап­тарына  сәйкес келмейді. Бізге ха­лықтың туу көрсеткішін арттырып,  шетелдердегі қандастарымызды елге қайтару керек. Тағы бір атап өтер жайт,  бізде отбасылық-тұрмыстық  қатынастар  драма­тикалық  жағдайда. Үйленіп, үй болғандардың  үштен бірі ажырасып кетуде. Біз отбасы құн­дылық­тарының  жедел деваль­вациясына куә болудамыз. Сон­дықтан  бұл аспект мемлекет пен қоғамның  негізгі басымдығы болуы керек деген ойдамын.